«ТАУ-КЕН САМҰРЫҚ» аҚ ПЕН SHENWU КОРПОРАЦИЯСЫ(«ШЕНЬ-У», КНР) АРАСЫНДА МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары шеңберінде, екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі келіссөздерге тікелей қатысатын «Тау-Кен Самұрық» АҚ басшылығы, 2014 жылғы 20 мамырда компания өкілдерімен Beijing Shenwu Environment & Energy Technology Co. Ltd (Пекиндік «Шень-У» қоршаған ортаны қорғау және энергия үнемдеу жөніндегі технологиялық корпорациясы» ААҚ) өнеркәсіптік ғылыми зерттеу сынақтарын өткізу жөнінде кездесу өткізді.

Кездесу нәтижелері бойынша, «Тау-Кен Самұрық» АҚ пенShenwu корпорациясы («Шень-У»), жоғары сапалы болат пен прокатты одан әрі өндіру үшін, Қазақстан Республикасының темір кен орны базасында титан-магнетит концентратын қайта өңдеудің өндірістік тесті арқылы технологиялық зерттеулер жүргізу және темірді тікелей қалпына келтіру (DRI) бойынша ынтымақтастық орнатуда өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Өзара ынтымақтастық саласы тәжірибе және ақпараттар алмасуды, сондай-ақ Қазақстан экономикасын нығайту жұмыстарын меңзейді.

Қысқаша анықтама: Корпорация Shenwu («Шень-У»), өнеркәсіптік энергия үнемдеуші және минералды ресурстарды кешенді пайдалану технологиясын игеруде және кеңейтуде пионерлердің бірі болып табылады. Энергия үнемдеу саласындағы кең ауқымдағы ғылыми-зерттеу базасына сүйене отырып, жобалау, инженерлік басты мердігерлік, инженерлік кеңестер беру арқылы, корпорация шығарын деңгейі жоғары және пайдалы қазбаларды(тас көмір, мұнай, табиғи газ т.б.) тұтынуы жоғары өнеркәсіп кәсіпорындарына өзіндік әзірлеген инновациялық технологияларды енгізеді. Атап айтқанда: отынның жоғары тиімділікпен жануы технологиясы, темірді тікелей қалпына келтіру технологиясы, төмен сортты көмірден мұнай мен газ өндіру технологиясы, сондай-ақ энергетикалық жүйені технологиясы.