«ТАУ-КЕН САМҰРЫҚ» АҚ ПЕН СHIENG CONG TRANSPORTATION AND INDUSTRY ВЬЕТНАМ КОМПАНИЯСЫ БАСШЫЛАРЫНЫҢ КЕЗДЕСУІ БОЛЫП ӨТТІ

2012 жылғы 10 қыркүйекте «Тау-КенСамұрық» АҚ пен Сhieng Cong Transportation and Industry вьетнам компаниясы басшыларының тау-кен саласында ынтымақтасудың ортақ мүдделерін іздестіру мәселесі бойынша кездесуі болып өтті. Сhieng Cong Transportation and Industry компаниясының өкілдері ферромарганец рудалы кен орындарын игеру жөніндегі жобаларға қызығушылық танытты. Тараптар алдағы ынтымақтастық шарттары туралы пікірлерімен алмасты. Сhieng Cong Transportation and Industry, Вьетнамда қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу бойынша алдыңғы орыннан көрініп жүр.