«Тау-Кен Самұрық» АҚ қызметкерлері арасындағы спартакиада
«Тау-Кен Самұрық» АҚ қызметкерлері арасында корпоративтік рухты нығайту және саламатты өмір салты құндылығын тарату мақсатында, спорттың жекелеген түрлері бойынша спорттың іс-шаралар өткізіледі.
2014 жылғы 23 тамызда Спартакиада өткізілді. Спартакиаданың ашылуында «Тау-Кен Самұрық» АҚ Басқарма төрағасы М.Ә.Тұрмағамбетов, спортпен жүйелі шұғылдану денсаулықты жақсартып, адамдарға қосымша күш-қуат пен тамаша сергектік сыйлайтынын ерекше атап өтті. Сондай-ақ ол, Спартакиадаға қатысушыларға жоғары жетістіктерге жетуге тілектестік білдірді.
Спартакиада бағдарламасына мынадай спорт түрлері енгізілді: мини-футбол, волейбол, армрестлинг, стол теннисі, шахмат.
Спартакиада бағдарламасындағы жарыстарға төрешілікті Астана қаласының Спорт федерациясының үздік жаттықтырушылары құрамына қосылған төрешілер алқасының мүшелері жүзеге асырды.
Спорт жарыстарының қорытындысы бойынша, Қоғам басшылығы мини-футбол, волейбол бойынша жеңімпаздарды иеленген құрметті орындарына сәйкес кубоктармен және грамоталармен марапаттады. Сондай-ақ, стол теннисі мен армрестлинг сияқты спорттың жекелеген түрлері бойынша, ерлер және әйелдер біріншілігі жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар мен грамоталар табыс етілді.
«Тау-Кен Самұрық» АҚ ұжымы «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасының кубогына арналған «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы қызметкерлері арасындағы ІІ Спартакиаға қатысу үшін қызу дайындалуда.
Қатысушыларға жеңістер және спорттық рух тілейміз!