«Тау-Кен Самұрық» АҚ «Тау-Кен Прогресс» ЖШС жарғылық капиталындағы 100% дейінгі қатыс үлесін иеліктен шығару мүмкіндігі туралы хабарлайды.

«Қазақстан Республикасы  Қарағанды облысы Прогресс кен орнындағы құрамында алтыны бар руданы барлау»  жер қойнауын пайдалану келісімшартымен байланысты «Тау-Кен Прогресс» ЖШС жарғылық капиталындағы 100% дейінгі қатыс үлесін иеліктен шығару

Иеліктен шығару объектісі: «Тау-Кен Прогресс» ЖШС жарғылық капиталындағы 100% дейінгі қатыс үлесі

Жер қойнауын пайдалану түрі: барлау

Пайдала қазбалардың түрі: алтын, күміс

Қазақстан Республикасы  Қарағанды облысы Прогресс кен орнындағы құрамында алтыны бар руданы барлауға арналған 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №  4504-ТПИ Келісімшарты (бұдан әрі – Келісімшарт).

Келісімшарттың мерзімі: 5 жыл

Келісімшарттың иесі: «Тау-Кен Прогресс» ЖШС.

«Тау-Кен Прогресс» ЖШС бойынша қысқаша ақпарат

«Тау-Кен Прогресс» ЖШС Қазақстан Республикасы  Әділет Министрлігінде 08.04.2014 жылы Қазақстан Республикасы,  010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Д.Қонаев көшесі, 8-үй, «Б» блогы 1337Б кеңсе мекенжайы бойынша тіркелген.

«Тау-Кен Прогресс» ЖШС «Тау-Кен Самұрық» АҚ 100% еншілес ұйымы болып табылады.

2015 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша «Тау-Кен Прогресс» ЖШС Бухгалтерлік Балансы.

                                                                                                                                                                   мың. теңге.

Баланс

Есептік кезеңнің соңында

Есептік кезеңнің басында

I. Қысқа мерзімді активтер

 

 

Ақша қаражаттары және олардың баламасы

22

183

Өзге де қысқа мерзімді активтер

137

 

Қысқа мерзімді активтердің жиыны

159

183

II. Ұзақ мерзімді активтер

 

 

Барлау және бағалау активтері

86 936

28

Өзге де ұзақ мерзімді активтер

712

Ұзақ мерзімді активтердің жиыны

87 648

 

Активтер жиыны

87 807

211

III. Қысқа мерзімді міндеттемелер

 

 

Қызметкерлерге берілетін сыйақы

28

28

Қысқа мерзімді міндеттемелердің жиыны

28

28

IV. Ұзақ мерзімді міндеттемелер

V. Меншікті капитал

 

 

Жарғылық (акционерлік) капитал

88 089

185

Бөлінбеген пайда (өтелмеген залал)

(310)

(2)

Капитал жиыны

87 779

183

Міндеттемелер мен Капитал жиыны

87 807

211

*Аудиттелмеген қаржылық есептілік

Жер қойнауын пайдалану объектісі бойынша қысқаша геологиялық ақпарат.

Прогресс алтын рудалы кен орны Қарағанды облысы Қарқаралы ауданынан оңтүстік – шығыстағы Қарағайлы кенішінен 130 км және Кентөбе кенішінің т.ж станциясынан 90 км орналасқан.

Кен орнында өзара жайыла байланысы үзілген кендену аймағының екі учаскесі (1 км) ерекшеленеді: Солтүстік және Оңтүстік.

Солтүстік учаскенің шегінде үстіңгі бетіндегі аймақтың ұзындығы әрқайсысы 250-ден 750 м дейін кварц-серицит-пиритті метасоматитпен кварцталған және кварц желісінің желі тарамды 8 қосалқы параллель аймақтар бөлінді. Кен аймақтарының созылымы солтүстік-батыс  (310-330°), құлауы солтүстік-шығыстық, тік (75-95°). Солтүстік учаскедегі кварцтаудың жақындастырылған аймақтарының жалпы ұзындығы 750 м, ені 150-200 м.

Оңтүстік учаскеге әрқайсысының ұзындығы 160-тан 1200 м дейін кварцталған және кварц желілердің 14 жақындастырылған аймағы бөлінді. Кен аймақтарының созылуы солтүстік-шығыс (30-50°), құлауы оңтүстік-шығыс, тік; қуаты  1,0-ден 6,0 м дейін ауытқып тұрады. Оңтүстік аймақтың жалпы ұзындығы 1200 м, ені 500 м-ге дейін.

Кен орнындағы алтын-күмісті кенқұрылу өзекті-желілі және кеннің қалың қабатты кварцты және олармен ілесіп жүретін кварц-серицит-пиритті метасоматитті аймақтарға ұштастырылған. Осы аймақтар ішіндегі руда денелері кереғар емес, нақты геологиялық шекаралар жоқ және тек қана сынамалау арқылы бөлінеді. Олар линзо- және желі тәрізді, кей  кездері бағаналы кен орындары түрінде ұсынылған.

Руданың минералды құрамы: кварц, серицит, далалық шпаттар, пирит, галенит, сфалерит, халькопирит сирек кездеседі. Рудалы минералдар ұсақ кристалдар мен түйіршіктер немесе оқшауланған өзекті сирек кездесетін шашыранды сеппені түзейді.

Руда құрамындағы алтын, негізінен кварцпен байланысты болып, онда изометриялық, бұрышты, майысқан формадағы жекелеме дара түйіршіктерді түзейді. Алтындардың көлемі 0.001-0.025 мм, кейде 0.04мм-ге дейін. Руда денесіндегі алтындардың таралуы біркелкі емес және өзгермелі. Кен орны геологиялық құрылымның күрделі түзілімі бойынша 3-топқа кіреді.

Солтүстік учаске (С1 категориясы) және Оңтүстік учаскесіндегі кен орындарында (С2 категориясы)   6 руда денесі бөлінген.

Кен орнының қорлары

Кен орнының қоры 01.01.1998 жылғы жағдай бойынша «Орталыққазжерқойнауы» ТУ Хаттамасымен (31.03.1998 жылғы №702 хаттама) есептелінген және бекітілген: С12 категориясы бойынша: руда – 282,11 тыс. тонн, алтын – 1538,17 кг, (орташа құрамы 5,45 г/т), күміс – 586,42 кг, (орташа құрамы 3г/т).

Кен орны бойынша болжамды ресурстар 8,5 тонна  алтынға (орташа құрамы 2.9 г/т) бағаланады.

Жер қойнауын пайдалануға арналған Келісімшарт бойынша ағымдағы жағдай

Келісімшарттың әрекет ету мерзімінен бастап объектіде геологиялық барлау жұмыстарының мынадай кешені жүргізілді:

Диаметрі HQ (96 мм) болатын ұңғыманы бағаншалы бұрғылау – 3077 қ.м.;

Ұңғыманы геофизикалық зерттеу – 2770 қ.м;

Ұңғыма жынысөзегінің геологиялық құжаттамасы – 3077 қ.м.;

Ұңғыма жынысөзегін сынамалау, зертханалық-аналитикалық жұмыстар.

Сату процесі

«Тау-Кен Прогресс» ЖШС жарғылық капиталындағы қатыс үлесін сату Қазақстан Республикасының заңнамасына және «Тау-Кен Самұрық» АҚ ішкі қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Сату процессі 2 кезеңнен тұрады:

  1. 1. Бастапқы кезең:
  2. Сатып алудың болжамды көлемі міндетті түрде көрсетілген және әлеуетті сатып алушы туралы ақпарат қоса ұсынылған мүдделік туралы хат.
  3. Сұрау бойынша құпия емес ақпаратты әлеуетті сатып алушыға ұсыну.
  4. Құпия ақпаратты алу үшін одан әрі қызығушылық болған жағдайда құпиялылық туралы келісімге қол қою.
  5. Қажет болған жағдайда «Тау-Кен Самұрық» АҚ Келісімшартпен байланысты құпия ақпаратты ұсынуға рұқсат беруге қатысты Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану жөніндегі құзыретті мемлекеттік органына сұрау салады.

Іріктеудің қорытынды кезеңі

  1. Мүдделік танытқан тараптарға тарату және коммерциялық ұсынысты ұсынуға арналған сұрау салуды көпшілікке жариялау. Сұрау салуда мәміле бойынша ең төменгі талаптар мен коммерциялық ұсынысты ұсынудың соңғы мерзімі көрсетіледі.
  2. «Тау-Кен Самұрық» АҚ уәкілетті органдарымен коммерциялық ұсыныстарды қарау.
  3. Аталған мәміле бойынша іріктелген тараппен транзакциялық құжаттарға қол қою.

Қазақстан Республикасының негізгі заңнамалық құқықтық актілеріне сілтеме: https://tks.kz/page/zakonodatelstvo (www.tks.kz/Инвесторларға/Заңнама)

«Тау-Кен Самұрық» АҚ почталық мекенжайы:

Астана, 010000, Қазақстан Республикасы 

Есіл ауданы, Д.Қонаев көшесі, 8, «Б» блогы,

«Зүбәржат орамы» әкімшілік ғимараты, Б-блогы, 13-қабат

Кеңсе

Тел.: +7 (7172) 55-95-72

Факс: +7 (7172) 55-27-80

e-mail: info@tks.kz 

Сұрақ туындаған жағдайдағы байланыс телефоны:

Аршабеков Алибек

Инвестициялар жөніндегі басқарушы директор 

+ 7 (7172) 55-95-17

a.arshabekov@tks.kz

Абдикеримов Алтай

Корпоративтік қаржы департаментінің бас менеджері

+7 (7172) 55-95-20

a.abdikerimov@tks.kz