​«ТАУ-КЕН САМҰРЫҚ» ақ ҮШІН АУДИТОР ҰЙЫМЫН ТАҢДАУ РӘСІМІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ ХАТТАМАДАН ҮЗІНДІ КӨШІРМЕ

Тапсырыс берушінің комиссия отырысына Тапсырыс берушінің мынадай комиссия мүшелері қатысты:
Комиссия төрағасы Рахметов Нұрлан Құсайынұлы
Тапсырыс берушінің комиссия мүшелері:
Тұрмағамбетов Мәжит Әбдіқалықұлы
Арсланова Зарина Фуатовна
Арғынғазин Арман Әнуарбекұлы
Сейітова Алмагүл Балташқызы
«Тау-Кен Самұрық» АҚ аудиторлық ұйымды таңдау бойынша рәсім «Самұрық -Қазына» АҚ Басқармасының 2012 жылғы 2 қазандағы шешімімен бекітілген (№39/12 хаттама) «Самұрық-Қазына» АҚ (бұдан әрі-Қор) және «Самұрық-Қазына» АҚ тікелей немесе жанама меншік құқығындағы немесе сенімді басқару иелігіндегі елу пайыздан астам дауыс беретін акциялары (қатысу үлестері) бар ұйымдар үшін аудиторлық ұйымды таңдау жөніндегі тәртібіне (бұдан әрі-Тәртіп) сәйкес жүзеге асырылады.
Тапсырыс беруші Тәртіпке сәйкес Аудиторды таңдауды 3 жылдан аспайтын мерзімге іске асыруына болады.
Аудиторлық компанияны таңдау кезінде Тәртіп «Самұрық-Қазына» АҚ тікелей немесе жанама меншік құқығындағы немесе сенімді басқару иелігіндегі елу пайыздан астам дауыс беретін акциялары (қатысу үлестері) бар ұйымдарына корпоративтік стандартты сақтау үшін міндетті болып табылады.
Аудиторлық ұйымды таңдау рәсіміне қатысу үшін мынадай әлеуетті Қатысушылардың ресми ұсыныстары ұсынылды:
1. «Делойт» ЖШС
2. «Эрнст энд Янг » ЖШС
3. «Бейкер Тилли Елтал Казахстан» ЖШС
Таңдау ресіміне барлығы үш жоғарыда көрсетілген компаниялардың қатысуына байланысты, бірақ бәсекелестік қағидаты сақталады, аудиторлық ұйымды таңдау рәсімінің бірінші және екінші кезеңдері қатар болады. Қорытынды жасау және әлеуетті қатысушылардың жиынтық бағаларының есебін шығару Тапсырыс берушінің Комиссиясына олардың бекітілген өлшемдері есепке алынып жүргізіледі.
Ауызша тұсаукесерлерін ұсыну үшін Тапсырыс берушінің Комиссиясы әлеуетті Қатысушылармен кездесуі 2013 жылдың 3 маусымына 11-00-ге белгіленді.
Күн тәртібі:
1. Әлеуетті Қатысушылардың «Эрнст энд Янг » ЖШС және «Бейкер Тилли Елтал Казахстан» ЖШС-мен ауызша тұсаукесерін өткізу.
1. Тапсырыс беруші комиссиясының ақырғы қорытындысын шығару.
Бірінші мәселе бойынша.
Сөз сөйлегендер:
· «Эрнст энд Янг » ЖШС өкілдері. Компанияны қысқаша таныстыру, жұмыс тәсілі және қызмет қырларының қысқаша тұсаукесері. Компания өкілдері қосымша қызмет көрсетулерін ұсынды. Басшылықпен айқын және дәл өзара іс-қимыл жасау және:
Аудитті аяқтау бойынша қойылған мерзімдерге дәл сәйкес келу;
«Тосын сыйларды» болдырмау үшін мәселелерді ерте кезеңде шешу;
· Кең салалық тәжірибесі және жобаларды басқару дағдылары бар команданың болуы;
· Астанадағы біздің кеңсенің қызметкерлерінен тұратын аудиторлар командасы;
· Аудит бойынша біздің жұмысты атқару барысында қаржылық топтаманың басты қызметкерлерін дамыту.
«Бейкер Тилли Елтал Казахстан» ЖШС Компаниясы өкілі. Компанияны қысқаша таныстыру, жұмыс тәсілі және қызмет қырларының қысқаша тұсаукесері.
Аудиторлық компанияны таңдау жөніндегі рәсімді өткізу кезінде Тапсырыс берушінің Комиссиясы «Тау-Кен Самұрық» АҚ-ға қатысты «Эрнст энд Янг » ЖШС компаниясы және «Бейкер Тилли Елтал Казахстан» ЖШС тәуелсіздігі туралы қорытынды шығарды.
«Делойт ЖШС компаниясы өкілдері тұсаукесерге қатысқан жоқ, ол туралы Жұмыс органына 2013 жылғы 30 мамырда телефон шалынып ескертілді.
Екінші мәселе бойынша:
Әлеуетті Қатысушылары ауызша тыңдауларының нәтижесі бойынша Тапсырыс берушінің Комиссия мүшелері ұсыныстар сапасы мен бағалары бөлігінде пікір алысты.
Одан әрі Тапсырыс берушінің Комиссиясы неғұрлым бәсекелес ұсыныстарды мынадай ретпен анықтады:
Бірінші орын – «Эрнст энд Янг » ЖШС
Екінші орын –«Бейкер Тилли Елтал Казахстан» ЖШС
ШЕШІМ:
Жұмыс органының жиынтық бағасына жүргізілген есептері және барлық Қатысушыларды жалпы талқылау нәтижесінде Тапсырыс берушінің Комиссиясы ҚҚС-ты есепке алып, 28470000 (жиырма сегіз миллион төрт жүз жетпіс мың теңге) сомасын 2013, 2014, 2015 жылдарға 3 (үш жылға) қаржылық есептіліктің аудитін мерзімінде жүзеге асырған, ең жоғары балл алған «Эрнст энд Янг» ЖШС-ты Жеңімпаз деп тануды ұсынды.
1. Жұмыс органы осы қорытынды жөніндегі хаттаманы Тапсырыс берушінің Комиссия отырысынан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде www.tks.kz. веб-сайтында орналастырсын.
Тапсырыс берушінің Комиссия отырысы сағат 12-15-те жабылды.
Бухгалтерлік есеп және есептілік
департаменті директоры– бас бухгалтер А.Сейітова