Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ ұлттық компаниялар рейтингінде алғашқы бестікке енді!
Аталған ақпарат «Рейтинг.kz» зерттеу агенттігі сайтында жарияланды.
2014 жылы «Рейтинг.kz» зерттеу агенттігі, ұлттық компаниялардың өткен 2013 жылғы жұмыстарының сапасына қатысты барынша шынайы бағаны алуға бағытталған сараптық сұрау салу жүргізді.
Зерттеу шеңберінде, ұлттық компаниялар жұмыстарының сапасын бағалау үшін 10 негізгі критерий есепке алынды. Зерттеу нәтижесінде сарапшылар, ұлттық компаниялар жұмыстарының сапасын бағалауда маңызды дәрежелер бойынша мынадай критерий градиенттерін ұсынды :
Осы критерийлерге сәйкес, ұлттық компаниялардың 2013 жылғы жұмысының сапасын бағалауды, нәтижесінде мынадай бес көшбасшы қалыптасты:
- «Қазақстандық электр желілерін басқару компаниясы» АҚ («KEGOC») – 3,46
- «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ — 3,44
- «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ — 3,21
- «Қазатомөнеркәсібі» АҚ — 3,16
- «Біріккен химия компаниясы» ЖШС — 3,08
Ұлттық компаниялар арасынан үшінші орынға Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ ие болды. Компанияның салыстырмалы түрде «жастығына» байланысты, тау байыту секторының кәсіпорындары құрылымында әзірге бедел жинақтауда. Компанияның 2013 жылғы менеджменті активі —2022 жылға дейінгі даму стратегиясын әзірлеу, сондай-ақ Астана қаласында аффинаж зауытын іске қосу. Бұдан өзге, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚөзінің еншілес компаниясының жарғылық капиталына «Қазцинк» ЖШС 29,8% қатысу үлесін аударды.
Сонымен бірге, сыртқы қолайсыз жағдаят менеджменттің өндіруші секторға инвестиция тарту мүмкіндігін тарылтуда. Қазақстанның тау байыту саласындағы «ойын ережесінің» жалпы мөлдірлігі Компания капиталының өсуіне қарсы жұмыс істеуде.
Рейтинг тобы арасында мына компаниялар бар:
- «Kazsatnet» ұлттық компаниясы» АҚ — 3,06
- «Қазгеология» АҚ — 3,05
- «Эйр Астана» АҚ — 3,05
- «ҚазАгро» ұлттық басқару компаниясы» АҚ — 3,05
- «Қазақстан Инжиниринг» ұлттық компаниясы» АҚ— 3,05
- «Қазахтелеком» АҚ — 3,03
Баспасөзде кей жағдайларда болмаса, аталған ұлттық компаниялардың қызметі еске де алынбайды, бұл тегі, компания менеджментінің қоғамдық мониторинг үшін жабық екендігін дәлелдейді.
Қазақстан ұлттық компаниялары тізімінің жалпы балы бойынша кейіндеп жүретін компанияларға қатысты, олардың арасында мыналар бар:
– «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясы» АҚ— 3,02
– «Қазпочта»АҚ — 2,97
– «СК-Фармация» ЖШС — 2,88
– «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ — 2,82
– «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК — 2,82.