Персоналды грейдирлеу қызметкерлердің өздеріне өте тиімді, ашық және ең бастысы, түсінікті еңбекақы төлеу жүйесін құруға мүмкіндік береді. Грейдинг сөзі (ағылш. grading) «жіктеу, сұрыптау, реттеу» дегенді білдіреді. Грейдирлеу – бұл компания қызметіне олардың мәні мен ықпалына байланысты лауазымдарды жайғастыру. Бағалау мынадай көптеген факторларға негізделіп отыр: басқару, коммуникация, жауапкершілік, жұмыстың күрделілігі, дербестілік, шешілетін міндеттердің күрделілік деңгейі және т.с.с. «Тау-Кен Алтын» ЖШС-да жаңа жүйені кезең-кезеңмен енгізу басталды, TownHall-кездесулер мен мастер-кластар ұйымдастырылуда, онда қызметкерлер лауазымдар сипаттамаларын дайындау процесіне белсенді тартылып жатыр.