«Tau-Ken Temir» ЖШС Басқарма төрағасы Ербол Иманқұлов қайтыс болғаннан кейін «Алтын Гефест» байқауының жеңімпазы атанды

Байқауға қатысу үшін Қазақстан бойынша әртүрлі салалық ұйымдардан 12 номинация бойынша 110 өтінім ұсынылды. Іс-шараны ұйымдастыру комитеті барлық өтінімдерді қарап шығып, Конгрестің алғашқы жұмыс күні 17 маусымда Гала-қабылдау ұйымдастырып, онда жеңімпаздарға құрмет көрсетілді. Байқау регламентіне сәйкес, жеңімпаздарды анықтау бойынша соңғы қорытынды қазылар алқасының Ашық отырысында Гала-қабылдау басталуына екі сағат қалғанда анықталды. Жеңімпаздарды іріктеу кезіндегі инновациялық технологиялар мен жаңа әдістерді қолдану, экономикалық, әлеуметтік тиімділік және т.б. критерийлердің басты көрсеткіштері болды.

97bf55c3fb07b9167f56f3fa101c8766.JPG

Байқау қорытындысы бойынша «Жыл металлургы» номинациясына «Тау-Кен Самұрық» АҚ еншілес компаниясы «Tau-Ken Temir» ЖШС Басқарма төрағасы Иманқұлов Ербол Базаралинұлы ие болды. Аталған дәреже оған қайтыс болғаннан кейін берілді. Еске сала кетсек, ағымдағы жылы Ербол Базаралинұлы әуе апатынан қаза тапқан еді.

Е.Б. Иманқұлов металлургия саласына маманданған, өндірістегі жұмыс тәжірибесі мол азамат болатын. 1988 – 2004 жылдары «Қазцинк» ЖШС кәсіпорындарында қызмет атқарды. 26 жыл бойында ол мыс зауытының қарапайым цех шеберінен бастап директор лауазымына дейінгі еңбек жолынан өтті. 2014 жылдың қаңтар айынан бастап 2015 жылдың наурыз айын қоса алғанда, Қарағанды қаласындағы «Tau-Ken Temir» ЖШС металлургиялық кремний өндіру зауытында жұмыс істеп, Басқарма төрағасының лауазымында болды. Ұзақ уақыт бойы жұмысы тұрып қалған зауыт қысқа мерзім ішінде қалпына келтірілді, іске қосылып, пайдалануға берілді. Нәтижесінде 313 жұмыс орны құрылып, қазіргі уақытта ТМД елдеріне, АҚШ, Германияға экспортқа шығарылатын алғашқы өнім алынды. Зауытты iске қосу-жөндеу және қалпына келтіру бағытында жүргізілген жұмыстарда Ербол Базаралинұлының сіңірген еңбегін айта кету керек. Ол өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыруды жетілдіру бойынша жаңа технологияларды енгізді.

Салтанатты марапаттауға әрбір номинация бойынша көшбасшылар үштігіне кірген компания басшылары мен үміткерлері шақырылды. Осындай Байқау қатысушыларының бірі «Тау-Кен Самұрық» АҚ Даму жобаларын және күрделі құрылысты басқару департаментінің директоры Серік Мүсүрманқұлов «Жыл кеншісі» номинациясында көшбасшылар үштігіне кірді.

ТМК аясындағы аталған ұлттық Байқау дәстүрге айналып, алтыншы жыл қатарынан өткізілуде. Іс-шара «Rixos President Astana» қонақ үйінің басты салтанат залында өткізілді. Мерекелік шараға қатысушылар өндіріс қызметкерлерінің сіңірген еңбегін қадірлеп, оларға құрмет көрсетудің маңыздылығын атап өтті. Осындай ауқымды іс-шараны жүргізудің өзі іс басындағы өндірушілерді ынталандырып қана қоймай, Қазақстанның тау-кен маталлургия саласында аянбай тер төгіп жүрген жас мамандар үшін жігер беретін фактор болып табылады.