Тәуекел-менеджменті «Taý-Ken Samuryq» «UTK» AQ (бұдан әрі – Қоғам) қызметінің ажырамас құрамдас бөлігі болып табылады және барлық елеулі тәуекелдерді сәйкестендіруге, бағалауға және мониторинг жүргізуге, сондай-ақ Қоғамның және оның еншілес компанияларының құны мен беделіне теріс әсер етуі мүмкін тәуекелдер деңгейін төмендету жөнінде шаралар қабылдауға бағытталған.
Қоғамда тәуекелдерді басқару процесі Қоғамның директорлар Кеңесі бекіткен тәуекелдерді басқару жөніндегі ішкі құжаттарға, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» АҚ тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі саясатына сәйкес жүргізіледі.
Тәуекелдің негізгі факторлары
Қоғам тобының тәуекелдерін іске асыруға әсер ететін негізгі факторлар:
- Кен орындарының зерттелу деңгейінің төмендігі;
- Бұрын жүргізілген геологиялық-барлау жұмыстарының төмен сапасы мен жеткіліксіз көлемі;
- Тиімсіз Project management;
- Табиғи катаклизмдер;
- Жобалардың инвестициялық тартымсыздығы;
- Тиісті құзыреттердің болмауы;
- Баға факторлары (металдарға баға белгілеудің төмендеуі);
- Валюта бағамдарының өзгеруі.
Ішкі бақылау жүйесі
Ішкі бақылау үш негізгі сала бойынша қойылған міндеттерге қол жеткізу мақсатында ішкі бақылау жүйесіне қатысушылар жүзеге асыратын процесс ретінде айқындалады:
- Операциялық қызмет;
- Қаржылық есептілікті дайындау;
- Нормативтік және заңнамалық талаптарды сақтау.
Қоғамның ішкі бақылау жүйесі корпоративтік басқару жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады, басқарудың барлық деңгейлерін, Қоғамның барлық ішкі процестері мен операцияларын қамтиды.
Қоғамның ішкі бақылау жүйесі шеңберіндегі қызметі Қоғамның ішкі бақылау жүйесі туралы ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.