«Tau-Ken Temir» ЖШС-да және «Silicon Mining» ЖШС-да 100% қатысу үлесі «Самұрық-Қазына» АҚ активтерін бәсекелес ортаға беру қағидаларына сәйкес ашық екі кезеңдік конкурс арқылы беріледі.
«Tau-Ken Temir» ЖШС зауытының жобалық қуаты 25 мың тонна металлургиялық кремнийді құрайды. Кәсіпорын «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағының аумағында орналасқан (Қарағанды қ.), бұл импортталатын тауарларға корпоративтік табыс салығынан, мүлік салығынан, жер салығынан, кедендік баж салығы мен ҚҚС-дан 100% босатуды көздейді.
«Tau-Ken Temir» зауытының шикізат базасы Қарағанды облысында орналасқан және «Silicon mining» ЖШС-ға тиесілі Ақтас кварц кен орны болып табылады. Кварцтық депозиттің жалпы қоры – шамамен 4 миллион тонна, SiO2 орташа мөлшері 99,5%-бен 30 жыл бойы зауытты қажетті шикізатпен қамтамасыз ете алады.
Толық ақпарат пен конкурстық құжаттама «Taý-Ken Samuryq» АҚ сайтында орналасқан: https://tks.kz/privatizacia/
Анықтама үшін: «Tau-Ken Temir» ЖШС және «Silicon Mining» ЖШС «Жекешелендірудің 2021 – 2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №908 қаулысына сәйкес басым тәртіппен бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын объектілер тізбесіне енгізілген.