«Taỳ-Ken Samuryq» UTK» AQ жылдық есебі «Қазақстандық қор биржасы» АҚ қолдауымен QRA рейтингтік агенттігі дайындаған жылдық шолуда 7 орынды иеленді.

Қазіргі заманда сапалы корпоративтік есептілікке деген сұраныс бірқалыпты өсуде. Біздің компаниямыздың жылдық есебі – бұл мүдделі тараптармен диалогтың маңызды құралы, ол бізге ақпараттың ашықтығын және тиімді ашылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


Конкурс шеіберінде сарапшылар есептерді екі тұрғыдан бағалайды: мазмұны және дизайн. Қазақстандық 100 компанияның жылдық есептерінің ішінде тек жетеуі 7 балдан жоғары баға алды, бірде бір есеп 9-дан астам бал (10 балдан) жинаған жоқ.


Шолуды дайындаған талдаушылар ESG (Environmental, social and governance) саласында мүмкіндіктер мен тәуекелдерді басқару бағытында, яғни, қоршаған ортаны қорғау факторлары, әлеуметтік факторлар және басқару факторлары бойынша компанияның өсу перспективаларының болуын атап өтті.