«Қазіргі кезде біз металлдың жоғары сұрыптағы түрін өндіруге әрекет жасаудамыз. Өткен жылы 1834 тонна тауарлық кремний өндірілсе, ағымдағы жылда 6000 тоннадан артық өнім өндірілді. Дайын өнімдеріміздің басым бөлігі АҚШ-қа, одан кейін Еуропа мен Ресейге экспортталуда», – деді Қылышбек Сатылғанұлы.
Маманның түсіндіруінше, кремний өніміне өз елімізде ешқандай да сұраныс жоқ көрінеді.
«Біз отандық өнімнің бір тоннасын да өзімізде пайдаланбаймыз. Бәрі экспортталады. Себебі, ішкі нарықта сұраныс жоқ. Әрине, Павлодардағы алюминий зауытына оның белгілі бір мөлшерде қоспасын апарып, өзге бір өнім алуға болады. Бірақ, ол технологиялық өңдеу процесі тұрғысынан алып қарағанда тиімсіз», – дейді ол.
Ақпарат көзі: https://baq.kz/kk/news/kazakstan-ekonomikasi/otandik-kremnii-onimi-100-eksporttik-dengeide-k-izbaskanov-75947