«Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ басқарма төрағасы Қанат Құдайбергенов Астанада өткен Дүниежүзілік тау-кен конгресінде Қазақстан қайтадан вольфрам саласы жандандырғалы отырғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР KASE: Доллар бағамы төмендеді Астана және Қарағанды облысының әкімдері ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды 4 елдің өкілдері Үлкен Алтай экономикалық кеңесін құрды Қазақстанда вольфрамның – сирек әрі аса жоғары сұранысқа ие металдың ірі қоры бар. Вольфрам саласының жолға қойылуы Қазақстанда өткен ғасырдың жетпісінші жылдары басталған болатын. Алайда оны өндіру бағытындағы жобаларды жүзеге асыру бірқатар экономикалық әрі саяси себептерге байланысты 1993 жылы тоқтап қалған. Жалпы республика аумағында қазірге дейін 12 кен орны барланған. Жалпы қор – 2 миллион тонна вольфрам триоксидіне тең деген болжам бар. Аса ірі әрі келешегі зор кен орындарының қатарына Жоғарғы Қайрақты және аталған кен орнынан 20 шақырым жердегі Солтүстік Қатпарды (Қарағанды облысы) жатқызуға болады. Екі бірдей кен орны бойынша жалпы қор – 1 миллион 300 мың тонна вольфрам есебінде бағаланады. Солтүстік Қатпардағы және Жоғарғы Қайрақтыдағы ауқымды қордың есебімен Қазақстан әлем бойынша вольфрам өндірісінен алдыңғы қатарға шыққалы отыр. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ басқарма төрағасы Қанат Құдайбергеновтың айтуына қарағанда, Солтүстік Қатпардағы және Жоғарғы Қайрақтыдағы кен орындарынан вольфрамның өндірілуі Қазақстанды жаңа нарыққа шығарып, біздің елімізді осы саладағы жетекші ойыншылардың қатарына енгізеді. Қазіргі уақытта вольфрам қоры мен өндірісі бойынша әлемде даусыз Қытай елі (қоры – 1 миллион 800 мың тонна, өндірісі – жылына 79 мың тонна) болып отыр. Солтүстік Қатпар мен Жоғарғы Қайрақтыдағы жалпы қуаттылық 12 жарым мың тонналық паравольфрамат аммониядан асады. Сәйкесінше, жобалық қуаттылықтан шыққаннан кейін Қазақстан вольфрам өнімдері бойынша әлемде екінші орынға көтеріледі. Қазіргі уақытта Солтүстік Қатпар мен Жоғарғы Қайрақтыда қосымша зерттеу жұмыстары жүргізіліп, кенді байыту технологиялары сыннан өтіп, жетілдірілу үстінде. Сонымен қатар, кен орындарында көліктік және энергетикалық инфрақұрылымды құру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Вольфрамның бірегей құрамы болғандықтан кеңінен қолданылады. Термоқаттылығы жағынан вольфрам теңдессіз металл екенін айта кету керек. Оның балқу температурасы күннің бетіндегі температурамен бірдей. Ол көлік құрау, тау-кен саласы мен қорғаныс өнеркәсібінде, авиақұрылыста, ядролы физикада, мұнай-химия саласында кеңінен қолданылады.