Зауыт , тазалығы «төрт ондық» -99,99 % аса жоғары дәрежелі стандартты алтын құймасын жасаумен айналысады. Шикізат ретінде алтын немесе кез-келген зергерлік бұйым сынығынан бастап, таза алтынға дейін пайдаланылуы мүмкін. Зауытқа мұндай мүмкіндікті ТМД көлемінде жоқ, тіпті әлемде саусақпен санарлық, италяндық бірегей өндірістік жабдық қамтамасыз етеді. Мысалы, жылына 700 тонна алтын құймасын шығаратын, жер шарындағы аса ірі швейцариялық «Металор» аффинаж зауытында мұндай жабдықтар жоқ.
15.11.2014 «Индустриальная Караганда» облыстық газеті