RG Gold өндірістік объектілеріне жұмыс сапары

«Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясының Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелері Ақмола облысындағы Райгородок кен орнына жұмыс сапарымен барды. Мақсаты – тәжірибе алмасу және үздік тәжірибелермен және технологиялармен таныстыру. 

Кен орны еліміздегі қоры бойынша үшінші орында, онда 6 млн унция алтын бар. Жер қойнауын пайдалану құқығы RG Gold компаниясына тиесілі. 2022 жылы компания жылына 6 млн тонна кен өндіретін тау-кен металлургия кешенін салып, іске қосты. Қазіргі уақытта Солтүстік және Оңтүстік Райгородок карьерлерінде жұмыстар жүріп жатыр, болашақта жаңа учаскелерді әзірлеу жоспарланып отыр. RG Gold қолданатын байыту технологиясы пайдалы қазбалар аз болған кезде кеннен алтынды барынша алуға мүмкіндік береді.