«Тау-Кен Алтын» ЖШС Қаржы мәселесі жөніндегі директоры Жанар Рахимова: біз жыл сайын 70 тонна алтын мен 40 тонна күмісті өңдеуге дайынбыз

«Тау-Кен Алтын» ЖШС Қаржы мәселесі жөніндегі директоры Жанар Рахимова: біз жыл сайын 70 тонна алтын мен 40 тонна күмісті өңдеуге дайынбыз

af24805977d70533646badc2937b2346.jpg

БАҚ деректері бойынша 2016 жылы Қазақстанда 75 тона өңделмеген алтын өндірілді. Бұл жағдайда оның аффинажы өткен жылы 35 тоннадан артық болды. Неліктен елімізде өндірілген өнімнің жартысынан көбі өңделетіндігін білу үшін Астана қаласында орналасқан «Тау-Кен Алтын» ЖШС аффинаж зауытының директоры Жанар Рахимовадан сұхбат алдық.

– Жанар Думанбековна, 2016 жылы өндірістің қандай көлемі мен көрсеткіштері жүзеге асырылды? Аффинаждың өзіндік құны төмендеп бара жатыр ма?

– Жалпы 2016 жыл өндіріс пен қаржы үшін жаман болған жоқ. Өндіріс пен дайын өнімді жүзеге асыру бойынша барлық жоспарлы көрсеткіштер орындалды. 2016 жылы 12 тонна тазартылған алтын жоспарланған болатын. 2017 жылға 15 тонна алтын жоспарланған және 2019 жылы кәсіпорын 25 тонна болатын жобалық қуатқа шығуды жоспарлар отыр.

Бұл объектілердің қалыптасуына кесте сәйкес шикізатты жеткізушілер әкелетін алтынды шикізаттағы химиялық таза алтынның құрамы мен тазалығы әсер етеді. Өзіндік құнның азаюы бойынша үрдіс айқын көрінеді: 2014 жылдан бастап зауыт 29 тонна тазартылған алтынды шығарды.

– Бұл пайыздық көрсеткіште қанша болады?

– Алғашқы жылдары зауыт қызметінде аффинаж қызметі унциясы үшін $7,5 құрады, ал бүгінде ол унциясы үшін $5–6 шамасында болып 20% төмендеді.

– Бұл сонда немен байланысты? Реагенттер құнының өзгеруімен бе?

– Көлемге.

– Демек, алтынның құрамына қатысы жоқ?

– Алтынның құрамы мен үлесі де әсер етеді. Алтынның үлес салмағы неғұрлым көп болса, өзіндік құны төмен болады. Оған қоса көлемі де бар. Белгілі бір мерзім ішінде алтынды нғұрлым көп тазартсақ, өзіндік құны солғұрлым төмен болады. Біз үшін әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілетті баға шамамен 18 тонна. Бүгінгі таңда біз 12 тоннаға шықтық және біздің баға унциясы үшін $5–6 шамасында – біз барлық ресйелік компаниялармен бір деңгейге тұрдық. Міне сондықтан да, Қазақстандағы алтын кен орындарын өндіретін Polymetal («Варваринское» АҚ) және Nordgold (ФИК «Алел» АҚ) сияқты ресейлік компаниялар Қазақстаннан Ресейге жеткізгенде шығатын шығындарын есептеп – экономикалық тұрғыдан бізді таңдады. Қазіргі таңда 12-15 тонна шамасындағы біздің баға Ресеймен бәсекелес бола алады. Біздің мақсатымыз 18 және одан да жоғары тоннаға шығу. Сол кезде біз ресейлік компанияларға қарағанда тартымды боламыз. Міне бұл бағаны төмендету деп аталады.

– Өзіндік құнның төмендеуіне ақшаның құнсыздануы әсер етті ме?

– Жоқ, ақшаның құнсыздану пайда алу үшін тікелей әсер еткен жоқ, ал кіріс бөлігіне әсер етті. Аффинаж қызметін көрсететін бағаға ақшаның құнсыздануы ешқандай әсерін тигізген жоқ.

– Есімде болса, зауытта 70 адам жұмыс істейді. Олардың жалақысын көтерген жоқсыздар ма?

– Әзірше жоқ. Персонал саны 74 адамды құрайды. Бүгінгі таңдағы мақсатымыз – біз жобалық қуатқа шыққанға дейін қазіргі таңдағы ұжымның жалақысы бізді қанағаттандырады. Біздің мақсатымыз аффинаж бағасын бәсекеге қабілетті ету және шикізатқа қолжеткізу.

–Түсінгенімше жеткізілім маусым бойынша бір айда – көп болса, екінші айда аз болғаны ғой?

– Өкінішке орай, бұл кеншілерге байланысты.

– Бұл өзіндік құнға әсер еткендіктен, ауытқып тұрады ма?

– Жоқ, өзіндік құнға тікелей әсер етпейді. Еліміздің «Қазцинк» және «Қазақмыс» сияқты өзгеде екі аффинаж зауытындағы әріптестерімізде дәл осындай талпыныс жоқ, олар өздерінің меншікті металлургиялық өндірісінің шикізатын қолданады.

«Қазцинк»: алтынды шикізат өз өндірісінен мырыш, қорғасын және мыс қалдығын алады. Олар тек қана қалдықты қайта өңдейді. «Қазақмыс» – мыс саласы және ол мыс саласының қалдықтарын қайта өңдейді. Олар өздерінің қалдық түріндегі меншікті шикізатын тұрақты жеткізеді.

Қазақстанның тау-кен саласы қолжетімді, ешкімге қажеті жоқ болғандықтан, аффинаж зауыты мен Доре балқымасы сияқты тау-кен саласының өнімін қайта өңдейтін технология болған жоқ. Шаума алтын, катодты алтын, катодты ұнтақтар, зергерлік алтындар мен ломбардтар мүлдем қолжетімді болды. Ломбардтар сынықтарды қара нарық пен шетелдерге әкетті.

Техникалық қалдықты Қазақстанда өңдеу мүмкін болмады. Міне сондықтан да Қазақстанның алтыны шетелге асып кетіп отырды. Қазір аффинаж зауытының пайда болуымен Қазақстан кеншілері өндірген барлық алтын бізге жеткізіледі. Бірақ Қазақстанның тау-кен саласы – маусымы жұмыс. Жазда көлем ұлғайғанымен, қыста діл қазіргі сәтте 10–15% төмендеді, бірақ бұл ауытқулар бізді мазалай қоймайды. Биылғы жылы жоспар бойынша 15 тоннаны қайта өңдеу үшін химиялық реактивтерге тапсырыс беріп қойдық, жоспарлы түрде өзіндік құнды қалыптастырушыны сатып алудамыз. Жалақы анықталған, химиялық реактивтер сипатталған, электр энергиясы бар. Егер жаздың бір айында көп өңдесек, қыста – үнемдейміз. Жалпы, жыл соңында ол өзіндік құнға әсер етпейді. Сондықтан да жеткізудегі ауытқулар бізге ісер ете қоймайды, маңыздысы болжанған тоннаның жетуі.

– Қазақмыс туралы нақтылағым келіп тұр. Kaz Minerals концентратты Қытайға шығарады, концентраттың құрамында қандай да болмасын ілеспе металлдар бар. Олар оны «Қазақмыс»-қа жеткізеді? Деректерге сүйенсек өсім 50%-дан артық болды ғой?

– Расында да, Kaz Minerals компаниясы өзге елдерге концентраттарды экспорттауды жүзеге асырады және бұл процес бізбен байланысты емес. Себебі экспортталатын концентраттар құрамында бағалы металдар болса да, біздің өнім болып табылмайды, себебі олардың құрамында алтын тоннасы үшін граммнан аспайды.

«Қазақмыс» негізінен Қазақстанның барлық мысын қайта өңдейді. Олар жүз мыңдағын тонна мысты экспорттайды. Олардың мысынан өндірілетін – алтынды қалдық – мысты электролиздегеннен кейін оларды қайта өңделеді. «Қазақмыс»-та олардың төрт тоннасы болды. 2016 жылы олар алты тонна өндірді. Екі тоннасы – Қырғызстандағы жаңа бірлескен кәсіпорыннан келген алтынды шикізат бар. Оның әсерінен «Қазақмыс» түсім алды.

– «Тау-Кен Алтын» ЖШС кірісі туралы не айта аласыз? Бұған дейін сіздерді бюджеттік кредиттер немесе «Тау-Кен Самұрық» АҚ қаражат бөлу арқылы қаржыландырды есем пе?

– Аффинаж зауытының құрылысына «Самұрық-Қазына» АҚ Қорымен 5,5 млрд. теңге көлемінде қаржы бөлінген болатын. Алтынды шикізатты сатып алуға жарғылық капиталға қосымша 5,5 млрд. теңге бөлінді. 2015 жылдан бастап компания кірісі бар кәсіпорын болып табылады. Сондықтан да Бас компания тарапынан қосымша әсерлер болған жоқ. Түсімге доллар мен алтын бағамының өсуі де әсер етті. Демек, бір бағада сатып ауды жоспарласақ, ал шын мәнінде орташалау бойынша сәл көп шықты. Бұған айырбастың да әсері бар. 2016 жылғы түсім көлемін әлі нақтылаған жоқпыз. Бірақ, бұл Бас компанияға дивиденттерді төлеу үшін жеткілікті. Өткен жылы біз «Тау-Кен Самұрық» АҚ-қа дивиденттер төледік.

– Дивиденттердің көлемі қандай болады? Мысал ретін қателеспесем өткен жылы «Қазмырыш» «Тау-Кен Самұрық» АҚ-қа 9 миллиард теңге төледі емес пе?

– Жоқ, біздің дивиденттер миллионмен есептелінеді. Біз бұған қуаныштымыз. Себебі көптеген болжамдар бойынша жаңа зауыт алғашқы 10 жыл ішінде залалды болады деп болжаған болатын. Шүкір, үш жыл қатарынан пайдаға шығудамыз.

– Түскен өнімге байланысты 2017 жылға қандай инвестициялар жоспарланды?

– Бұл мәселені Бас компанияның Басқармасы шешеді. Басқарма қалай шешсе, солай болады. Біз өз тарапымыздан таза өнімнің бір бөлігін ғана өндірісті дамыту үшін қалдыруды сұрай аламыз. Мысалы, өткен жылы Басқарма күмісті вакуумды тазарту жобасын мақұлдады. Бұл теңдесі жоқ қондырғы бізге өзіндік құнды төмендетуге мүмкіндік берді. Дәл осы қондырғы 2017 жылы бізге аффинаж бағасын тағы да сәл төмендетуге мүмкіндік береді. Унциясы үшін 6 доллар туралы сөз қозғағанда – ол 2016 жылғы баға болатын. 2017 жылы тартымды болу мақсатында кеншілер үшін бағаны шамамен тағы да 5% төмендетуді жоспарлап отырмыз.

– Вакуумды дистилляция күміс аффинажына көп қолданыла ма, әлде Доре балқымасына көп қолданыла ма?

– Бұл мүлдем өзгеше Доре балқымасы түріндегі күмістен алтынды өте жоғарғы жылдамдықта бөліп алуға мүмкіндік беретін жаңа инновациялық технология. Бұрындары бөлу процесі үш тәулік ішінде жүзеге асырылатын, ал вакуумды тазалау технологиясының келуімен бір жарым сағат ішінде алтынды күмістен бөліп аламыз. Осы технологияны қолдану бізге химиялық реагенттерді, уақытты, алтынды сатуды жылдамдатуға мүмкіндік береді.

– Ал, автоклавты сілтісіздендіру мүмкін бе? Polymetal-дың айтуынша Бақыршық рудасымен жұмыс істеу үшін автоклавты сілтісіздендіру қажет дейді.

– Біздің кәсіпорын үшін «жоқ» қажет емес! Автоклавты сілтісіздендіру технологиясы – рудалы денелерді қайта өңдеумен байланысты операция. Ал біздегі қайта өңделетін өнім – Дрое балқымасы, катодты алтын, шаума алтын. Мұны түсіну қиын емес алтын мен күмісті аффинаж зауытына жеткізу үшін олар ұнтақ түріндегі катодты алтынды алғанға дейін геологиялық барлаудан бастап, кен орындарын барлау, алтынды рудаларды, алтынды концентраттарды алудан, сорбция, десорбция, флотациямен байланысты гидрометаллургиялық процестерден, бастап қайта өңдеудің үлкен кезеңдерінен өтетіндігін түсінік қажет. Кейбір кәсіпорындар Доре балқымасын алу арқылы ұнтақты қайта өңдейді. Осы кезде ғана бағалы металдарды тазалау деп аталатын біздің кезек басталады.

– Күміс бойынша өндірістің қандай көлемі жинақталуда?

– Өткен жылмен салыстырғанда биылғы жылы күміс өндіру 65% өсті. Егер негізі қаланған 2014 жылдан бастап есептейтін болсақ, шамамен 9 тонна күміс өндірдік. Олардың 5 тоннасын «Қазцинк»-ке саттық, ал қалған 4 тоннасын әлі жоспарлаудамыз. Сонымен қатар аз көлемдерде – бір, екі, ең көбі 5 килограмм түрінде зергерлерге де сатамыз. Шикізатқа алтынның 70-80% кетеді, ал 10% міндетті түрде күміс құрайды.

Егер зауытты жеке алып қарайтын болсақ, қазақстандық тау-кен саласы күмісті өндіретін болса біз күмістің кез-келген көлемін қайта өңдеуге дайынбыз. Бірақ өкінішке орай, қазақстанда жеке күмісті кен орындары жоқ. Доре балқымасы түрінде келетін күміс, алтынға қарағанда аз. Мысалы, 12 тонна тазартылған алтынға 2016 жылы 4 тонна ғана тазартылған күміс түсті.

– «Қазцинк» өздері күміс шығарады ғой, сіздерден не үшін сатып алады? Немесе ол өңделме шикізат па?

– Жоқ, «Қазцинк» жылына шамамен 900-1000 тонна күмісті өндіріп, сатады. Олардың байланыстары жүйеге келтірілген. Бізге де шетелге сатуға ұсыныстар жасауда. Алайда біздің 9 тонна кеден мен тасымалдау үшін үлкен шығындарды қажет етеді. Сондықтан да, ешқандай шығындарсыз машинамен жеткізіп, олар бізге төлем жүргізетін жақын серіктес бар болғанда басқа ештеменің қажеті жоқ.

– Лондон металл биржасының бағасын қолданасыздар ма?

– Ия, Лондон биржасының бағасын қолданамыз.

– Өткен жылы АММ-да Ұлттық Банк өкілі Ақылжан Баймағамбетов алтынды сатып алу нәтижесінде айналымдағы қаражаты түсетін кәсіпорындарға 30 күндік аванс беру туралы мәселенің қаралатындығын айтқан болатын. Бұл норма іске қосылды ма? Аффинаж зауыты алтынды сатып алу үшін жылына шамамен қанша қаражат жұмсайды?

– Өткен жылы, 29 ақпанда Ұлттық банктің Басқармасымен Аффинажды зауыттардан тазартылған алтынды сатып алу және бекіту қағидасына өзгерістер енгізілді. Өзгерістердің бірі алдын ала төлем жүргізу, аффинаж зауыттарына аванстау болып табылады. Аванстау көлемі 30 күнге 70% құрайды. Бірақ нақты бір өлшемдер бар. Олардың бірі – зауыт жылына 10 тоннадан кем шығармауы тиіс. Оның үстіне міндетті түрде Бас компания кепілгенр болып, аффинаж зауытының қаржылық жағдайы пайдалы болуы тиіс. Біз осы талаптардың бәріне сәйкес келеміз. Қазіргі таңдағы кепілгеріміз «Самұрық-Қазына» қоры. Өткен жылы шамамен 150–160 млрд теңгеге шикізат сатылып алынды.

– Сіздер аванс беретін кәсіпорындардың жеткізуінде қандай да болмысын кешігулер бола ма?

– Біз шикізатты жеткізушілерге алғы төлем төлемейміз, сонықтан да олар бізге қандай да болмасын кепілдік қамсыздандыру бере алмайды. Қаражат аз емес, олар үшін кепілдік қамсыздандыру тиімсіз сияқты. Біз шикізатты жеткізушілерге алғы төлем төлемейміз, бізге Ұлттық Банк алғы төлем төлеп, күн сайын шикізатты жеткізушілермен есеп айырысады. Біз жеткізушілермен 90% есеп жүргіземіз, ал Ұлттық Банк бізге 70% алғы төлем жүргізеді.

– Демек, кәсіпорындар алтынды өндіреді, ал сіздер қолма-қол ақшасын төлейсіздер ғой?

– Егер салмағы мен алттынның құрамы дәл келсе, біз дәл сол күні 90% төлем жүргіземіз.

– БАҚ-та 2016 жылы Қазақстанда өңделмеген алтынның 75 тоннасы өндірілді деп жазылған болатын, ал Сіз «Тау-Кен Алтын» аффинажы 12 тонна, «Қазцинк» – 17 тонна, «Қазақмыс» – 6 тоннаны құрады деп отырсыз.

– «Қазцинк» 19 тонна өндірді. Нәтижесінде 37 тонна болды.

Егер тек қана 37 тонна тазартылып, оны Ұлттық Банк сатып алса, сонда өндірілген 75 тонна алтынның қалғаны қайда кетті? Өңделмеген алтынның 37 тоннасы басқа жаққа кетті ме?

– Тау-кен саласы жер астынан 75 тонна алтын өндірді. Одан кейін оны байыту фабрикасы қайта өңдеп, концентрат алды. Бұл өзінің құрамында байыту фабрикасы бар тау-кен саласы. Осы концентраттан алтын алатын фабрикалар катод, шаума немесе Доре балқымасы түрінегі алтынды алады. Бұл бізге жеткізілетін өнім. Барлық комбинаттарда, сонымен қатар барлық тау-кен саласы құрамында байыту мен алтынды алатын фабрикалары жоқ. Ал барлары тек өздерін ғана қамтамасыз ете алады. Құрамында алтын алатын фабрикасы жоқ тау-кен металлургия компаниялары өз алтындарын концнтрат түрінде шетелдерге жөнелдеті және әлі күнге дейін концентрат түрінде шығаруда.

– Ал, осы дұрыс па? Оларға бағалы металдарды шығаруға тиым салу қолданылмайды ма?

– Концентрат түрінде бұрындары қалай шығарса, әлі күнге дейін солай шығаруда. Мемлекетіміз Аффинаж зауытын салы арқылы алғашқы қадамды жүзеге асырды. Біз құрамы жоғары, жоғары сапада дайындалған – катодты алтынды, Доре балқымасын, шаума алтынды шетелге шығаруды тоқтаттық. Енді концентрат түріндегі алтынды шикізаттың ағынын тоқтату үшін байыту фабрикаларының қуатын ұлғайтуымыз қажет. Қазіргі таңда Инвестициялар және даму министрлігі (ИДМ) осы мәселеге басшлық жасауда және 2017-2018 жылары аффинаж үлесі, демек жоғары сапада дайындалған алтынды шикізатты дайындау үлесі Қазақстанда қалыпқа келетін болады.

– Ал «Юбилейное»-Altynex мыс-алтын концентратын Ресейге апармай ма?

– Оларда араласқан концентрат. Сізге түсінікті болу үшін ірі компанияларды алайық. Қазір біздің қолымызда 40-тан астам жеткізу келісімшарттары бар. 40 компанияның – бесеуі алтынды шикізатты қайта өңдеудің толық циклін ұстанады. Оған «Алтын Алмас» кіреді, ол толық қамтамасыз етілген және де ол өте жоғарғы деңгейде дайындалған Доре балқымасын әзірлейді. Екіншісі «Қазақалтын» – ол да толық қамтамасыз етілген және оған Степногорск өңірі кіреді, олардың құрамында байыту және алтын шығаратын фабрикалары бар. «Варваринское» – толығымен қамтамасыз етілген. «АЛЕЛ» – Шығыс Қазақстан және Секисовское кен орындары да толық қамтамасыз етілген. Ал қалғандары – ұсақ компаниялар, оларда байыту фабрикасын салатын ақшалары жоқ және т.с.с. тағы да екі кен орындарын ірі компаниялар қатарына енгізуге болады. Олар «Бақыршық» және «Юбилейное» кен орындары. «Юбилейное» 2017-2018 жылдары іске қосумен байыту және алтын шығаратын фабрикалардың құрылысын жоспарлады. Ол бізге «Юбилейное» кен орнының алтыны бізге жеткізіледі деген толық сенімділікті береді. Бұл жоспарланған және ИДМ атынан Үкімет мұны бақылауға алып, қадағалап отыр.

Ал «Бақыршық» кен орнына келетін болсақ жақында Несис мырзаның – Polymetal «Бақыршық» пен «Қызыл» кен орындарын сатып алды деген сөзін естіген боларсыздар. Бұл тек Қазақстан төңірегінде ғана емес, сонымен қатар Еуразия өңіріндегі алтынды кен орындарының бірі. Өкінішке орай. Бақыршық алтының бір кемшілігі бар: оның құрамында күшала бар. Осы жерде жоспарды әзірлеп, оны Үкіметке ұсынған Несис мырзаның сөзін есіңізге салғым келеді. Ал, Үкімет оның ұсынысын қабыл алып Бақыршық кен орнын дамыту жоспарын бекітті және құрамында күшаланың көп мөлшері бар алтынның бір бөлігі Қытайға шығарылып, қайта өңделіп, құрамындағы күшаладан тазартылып, қайтадан Қазақстанға жеткізілетін болады. Ал құрамында күшаласы аз бөлікті – Polymetal Ресейге шығаруды жоспарлап отыр. Онда Доре балқымасына қайта өңдеп, біздің зауытқа кері жеткізілетін болады. 2018 жылы Бақыршық, ал 2019 жылы Юбилейное кен орындарының іске қосылуы бізге жобалық қуатқа шығамыз деген сенімділікті береді.

– Негізінен алтын концентратын қандай кәсіпорындар шығарады? Ұсақ кәсіпорындар ма әлде ірі кәсіпорындар ма?

– Ұсақ кәсіпорындар мүлдем шығармайды. Оларда небәрі жылына 100-300 килограмм. Біз ИДМ-ның басшылығымен ұсақ кәсіпорындардың шоғырлана бастауына қол жеткіздік. Мысалы, «Жалтыр бұлақ», «Данк», «Горняк», «Қазақалтын» шикізатының бір бөлігі – олардың барлығы бір байыту компаниясына жеткізіп, одан кейін бізге әкеледі. Концентрат құрамында алтыны көп көлемдерді ірі кәсіпорындар «Юбилейное», «Бақыршық» сияқты кен орындарынан жеткізеді. Бұл кен орындары нақты жоспарланған.

– Ірі компаниялардың көлемі бойынша бөліп бере аласыз ба? Олар тазалау үшін қандай көлем жеткізеді?

– Біз шикізатты жеткізуші шамамен 35 компаниямен серіктестік жасаймыз. Ірілері –«Алтай Кен Байыту», «Қазақалтын», «Алтын Алмас», «Варваринка» және «АЛЕЛ». 2014 жылдан бастап шамамен 30 тонна шикізат сатылып алынды. Өткен жылды алатын болсақ 12 ірі компаниядан шамамен 8-9 тоннадан шығады. «Қазақалтын» – 2 тонна, «Алтын Алмас» – шамамен 4 тонна, «Варваринка» – 2,5 тонна, «АЛЕЛ» – 2,5 тонна. Негізінен ірі компаниялар 2 тоннадан артық жеткізеді. «Алтын Алмас» Қарағандыдағы Пустынное және Жамбыл облысындағы Ақбақай кен орындарынан әкеледі, сондықтан да оларда төрт тонна.

Ұсақ компаниялар шамамен екі тонна жеткізеді. Бізге алтынды тазартуға жеткізетін 35 компанияның тек бесеуі ғана ірі болып табылады, 30-ұсақ компаниялар. Бірақ біз ешқашан ешкімді шеттетпейміз. Бұл біздің зауыттың ерекшелігі – біз қайта өңдеуге 100 граммды да, 10 тоннаны да қабылдаймыз.

Өткен жылдан бастап біз «Алтынтау Көкшетеу»-мен жұмыс істей бастадық. Бұл алыс-беріс негізіндегі Васильковское кен орны, толлинг. Біз оларға қайтадан өңдеп, алтын түрінде ұсынамыз. Одан әрі олар өздері Ұлттық Банкіге жүзеге асырады. Биылғы жылы оларды шамамен тонна сатып алдық, ал кеселі жылы 3,5 тонна сатып алуды жоспарлап отырмыз.

– Өткен жылы олар күрт жандана түсті емес пе?

– Олар күрт жанданды, «Алтынтау Көкшетеу» 10 тоннадан артық, оларды жылына 13 тоннадан жоспарланған. Негізгі бөлігін олар «Қазцинкке» жөнелтеді, ал биылғы жылы бізге 3,5 тоннаны береді.

– Қазір жартылай жекешелендіруге қойылған «Майқайың Алтын» туралы сұрайын деп едім. Сіз олармен жұмыс істейсіздер ме?

– Өкінішке орай жұмыс істейміз.

– Зергерлер форумы жақында болып өтті. Өз сөзіңізде шағын құймаларды килограммдап сатып, кейін ломбардтан қайта өңдеу үшін техникалық қалдықты жинайтындығыңыз туралы айтқан болатынсыз. Қазір сіздерге Алматы, Астана, Қостанай қалаларының зергерлері ұсыныстар жасауда. Осындай аралас саламен серіктестікті қалай дамытатын боласыздар? Бұрындары сынық шетелге жөнелтілуші еді ғой.

– Үкімет зауытты жобалау кезінде нақты тапсырмалар берген болатын – біз жылына 25 тона алтын және 50 тонна күміс өндіруге тиіспіз. Бұл біздің зауыттың жоспарлы жобалық қуаты. Біздің технологтардың алғашқы жетістігін айта кететін болсақ, технологиялық тұрғыдан біз 70 тонна алтын мен 400 тонна күмісті қайта өңдеуге дайынбыз. Зауыт қазіргі күні қосымша инвестицияларды қажет етпей, алтын бойынша қуатты 70 тоннаға дейін ұлғайтуға дайын.

Үкімет бізге тек қана банк үшін салмағы 12 килограмм болатын стандартты құймаларды өндіруге тапсырма берді. Үш жылдағы екінші жетістігіміз – біз бүгіндері салмағы 100 грамм, 250 грамм, 500 грамм және 1000 грамм болатын өлшемді құймалардағы алтынды өндіреміз.

Үшінші жетістігіміз – тапсырысқа байланысты қазіргі таңда 9999 сынамадағы жоғарғы сапада әзірленген түйіршіктерді өндіреміз. Бұл қазіргі таңның өзінде зергерлік саланың дамына мүмкіндік береді. Зергерлер көп. Бұрындары олар қаражаттың жетіспеуінен шикізатты сатып ала алмайтын. Ал біз өндірген түйіршіктердің арқасында ең кішкентай зергерлік шеберхана қаражаты жеткен түйіршікті сатып ала алады.

Төртінші жетістігіміз – өткен жылдың желтоқсанында, бір ай бұрын зергерлік балқымаларды өндіруге арналған аккредитацияға қол жеткіздік. Демек 585 немесе 750 сынаманы тапсырыс көлемі көп болған кезде дайындай аламыз. Пештің ең төменгі балқымасы – 5 килограмм. Егер біз пешті қосып бір килограммды өндірсек, онда өзіндік құны өте жоғары болады.

Егер қазіргі таңда зергерлік сала шоғырланып 585 сынаманы 5 килограммнан жоғары сатып алғысы келсе біз дайынбыз. Бұл зауытымыз соңғы үш жылда Үкімет тапсырмасынан артық қол жеткізген ең жоғарғы жетістігіміз. Қызметіміздің ең үлкен нәтижесі – алтынды шикізатты шетелге шығаруды тоқтатып, зергерлік саланың дамуына мүмкіндік береміз.

Шыққан Заңның арқасында алтынның ҚҚС тоқтатылды. Бұрындағы зергерлер банктен ҚҚС-мен ең төменгі 100 грамм мөлшерінде сатып алды. Қазір, олар зауыттан 1 грамм түйіршік түрінде ҚҚС-сыз сатып ала алады.

– Мысалға, егер мен қазір банкке құйма үшін баратын болсам маған ҚҚС төлеу қажет пе?

– Жоқ, Заң бұл жүктемені алып тастады. Салық Кодексіндегі шектеуді де алып тастады. Бұрындары шектеу 32 унция болған еді. Сіз ҚҚС-сыз сатып ала аласыз.

– Зергерлер 9999 және 585 сынама арасында қандай айырмашылық бар? Сіздерге не үшін балқыманы өздеріңіз жасайсыздар?

–Зергер үшін ҚҚС-сыз Лондон биржасы бойынша оған қанша қажет болса, сондай көлемде сатып алған тиімді. 585 сынаманы дайындау үшін оның шеберханасында металлургиялық өндіріс, алынды балқыту пеші болуы тиіс. Мысалы, 10 сақина үшін бұл электр энергиясы, металлургке жалақы қажет. Одан кейін ол нарықтан балқыма жасау үшін химиялық таза түрдегі мысты, күмісті атып алуы тиіс. Осыдан бұйымның құны жоғарлай түседі. Ал біз дайын балқыманы сата аламыз. Бізден шартты доллар үшін 585 сынамадан артық сатып алуға болады. Бұл ретте металлургке, электр энергиясына төлем жүргізу қажет емес. Зергер бізден дайын өнімді сатып алғандықтан, зергерлік бұйымның бағасы да арзандай түседі.

– Сіздер бөлшек саудамен жұмыс жасайсыздар. Техникалық сынықты, алтынды шикізатты сатып алу және алтынды зергерлерге сату көлемі қандай?

– Зергерлер бізге енді ғана келіп жатыр. Ұлттық Банк ресми қаулымен биылғы жылы зергер тұлғасындағы сатып алушы болған кезде алғашқы жарты жылдықта 150 килограмм алтынға рұқсат берді. Сондықтан біз барлығына, оның ішінде сіздер арқылы хабарлаймыз: «зергерлер, бұрындары үлкен көлемдерге қаражат болмағанда қиналған едік. Енді бізден сатып алуға болады». 150 килограммды біз жүзеге асыра аламыз. Өткен жылы зергерлерге 17 килограмм саттық.

– Ұлттық Банк мұны да шешті ме?

– Жоқ, қағиданың өзінде тазартылған алтынды сатып алудың басым құқығы Ұлттық Банкіде ғана болды. Өткен жылы олар бізге тек қана зергерлерге тікелей сату үшін 150 килограмм лимит қойған еді. Ол тек екінші жарты жылдықтан бастап қана жүзеге асырылды. Сондықтан біз соңғы төрт ай бойында 17 килограммды жүзеге асырдық.

– Демек жеке тұлғалар сіздерден алтынды сатып ала алады ғой?

– Жоқ, жеке тұлғалар алтынды банктен немесе теңге сарайы өндіретін инвестициялық тиын түрінде сатып ала алады. Ұлттық банкке келіп біз өндіретін салмағы 100 грамм болатын құйманы сатып алуға болады.

– АЭА бойынша қандай да бір салық мәселесі туындап, ДСҰ-ға қосылуға байланысты ҚҚС бойынша жеңілдіктер алынатын болады, осы туралы не айта аласыз? Бұл кәсіпорынның экономикасын қалай өзгертті?

– Жеңілдік ағымдағы жылғы 1 қаңтардан бастап бір салыққа қана алынды. Біз үшін алтынды шикізат импортында ҚҚС пайда болды. Бәлкім, жалпы республика бойынша айта алмайтын шығармын, мемлекет үшін қаншалықты тиімді екендігін білмеймін. Біздің кәсіпорын үшін алтынға қатысты бір ғана себепке байланысты дұрыс емес. Біз әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті болып, ресейдің жарты алтынын алып тұрмыз. Ресейдің Оңтүстік өңірі тазарту үшін алтынды бізге өндіреді, себебі біз тиімді түрде тазартамыз. Міне сондықтан да өткен жылы импортта ҚҚС болмаған кезде, Иран алтынды бізге жеткізетін.

Бұл Мукашевтар отбасының жобасы еді. Олар қазір Ирандағы өздерінің кен орындарынан алтынды өндірмейді емес пе?

– Осы жоба мен Ирандық кен орнының құрылтайшыларының бірі Мукашевтар. Олар бұрындары Доре балқымасын өндірді және ол өте пайдалы болды, себебі импорт үшін ҚҚС қолданылмай, біз тазартқан едік. Биылғы жылы алғышты парияны әкелу кезінде кедендіктер «12% ҚҚС төлеңіздер» деді. Әрине, олар төлем жүргізуден бас тартып, алтынды Швейцариядағы «Металор» компаниясына әкетті. Қазақстан не ұтты, «Тау-Кен Алтын» не жоғалтты? Біз қосымша тоннадан айырылдық. Ал олардың өндіріс көлемі екі тонна.

Екіншісі, із бір жыл бойында Моңғолия компаниясымен жұмыс істеп келеміз. Моңғол Банкі моңғол алтынын тазалау үшін бізге жеткізуге мүдделік танытты. Енді осы ҚҚС салдарынан біз Моңғолиядан келетін алтынды жоғалтамыз. Алтынды тазалау бойынша біз алдыға қадам жасап, ҚҚС бойынша экономикалық тұрғыдан шекараны жаптық.

– Бірақ ресейліктер мен қырғыздар шығара ала ма?

– Ресейліктер шығара алады. Ал, Қырғыздар алтынның екі тоннасын Балқашқа шығарады.

– Ал, Монғолдар өздерінің Ұлттық банкінде сақтау үшін, пайдалану үшін тазартқылары келді ме?

– Монғолдарда біздікі сияқты аффинаж өндірісі жоқ, сондықтан олар қазіргі таңда Швейцарияға апарады. Олар қаражатты есептеп, бізге келуге шешім қабылдады. Ал, ҚҚС-қа бола біз бас тартуға мәжбүрміз. Олар үшін экономикалық тұрғыдан тиімсіз, себебі Швейцарияға олар ҚҚС-сыз шығарады.

ҚҚС бойынша осы жеңілдікті тоқтатуға байланысты біз тауарды кедендік рәсімдерге тәуелді етіп 12% төлеуге тиіспіз, ал Ұлттық Банкіге нөлдік мөлшерлеме бойынша жүзеге асырамыз. Ал енді осы ҚҚС сіздің жалақыңызға кіреді деп елестетіп көріңізші, өзіндік құн мен пайда әрине соңғы кезекте азая түседі. 256-бапқа сәйкес импорттың ҚҚС қайтаруға жатпайды. Сонда, осы импорттың ҚҚС-тың шығындар дәл осы 400 килограммды алсақ 12% миллиондаған сома. Бұл біздің өзіндік құн мен пайдада көрініс табады.

– Дисконт бойынша – АММ коэффицентін 0,7% деп атаған сияқты болдыңыз? Дисконт жоғарлау немесе төмендеу жағына қарай өзгерді ме?

– Қазіргі таңда Ұлттық Банк 0,07% дисконтпен алтынды сатып алуда. Біз Лондон металл биржасының Good Delivery сертификатына қол жеткізбейінше дисконт өзгермейді. Біз оны үш жыл өткеннен соң – 2018 жылы 10 тоннаны өндіргеннен кейін аламыз. Онда Good Delivery-ді алудың өзіндік талаптары бар, біздің тілімізде айтатын болсақ металл тазалығының жоғарғы сапасын растау. Пайдалануға берілген сәттен бастап кәсіпорынға үш болы керек, біз бұл талапқа сәйкес келеміз. Екінші талап: бұл кәсіпорын жыл сайын қатарынан ең азы 10 тонна өндіруі қажет, ал біз екі жыл қатарынан 10 тонна өндіріп келеміз. 2017 жылы 15 тоннаны жоспарлап отырмыз, демек біз үшінші болып қанағаттандырамыз және 2017 жылдың соңында өтінімді ұсынамыз. Егер 2018 жылы Good Delivery-ді алатын болсақ, дисконт аз болады.

– Жалпы, сіздің көзқарасыңыз бойынша Қазақстанның алтын саласы төңкерісті бастан өткере ме?

– Мұны төңкеріс деп айтпас едім, сала меншікті шикізатты меншікті қайта өңдеу кезінде қалыпты жұмыс істеуде. Біз шикізатты жеткізуші республика бойынша жоғарғы технологиялық сала ретінде өнім беруші кезеңіне шығудамыз. Біз жоғары дайындықтан өткен алтынды сатып, зергерлік саланы дамытудамыз.

– Тәуелсіз алтын іздеуші мәселесіне қалай қарайсыз? Сіз алтын өндіру саласындағы ШОБ сегментімен жұмыс жасай аласыз ба?

– Тек өз ойымды ғана айтайын. Алтын іздеушілер сияқты шағын орта бизнес үшін алтын өндіру мүмкіндігін беру қажет. Қазіргі таңда, өкінішке орай көбі мұны керісінше түсінуде. Степногорск өңіріндегі «Қазақалтын» – ірі компанияның бірі және ол жоғары өнеркәсіптік деңгейде өндірумен айналысады. Оларда осы кен орындарының жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бар. Сондықтан, кейбір адамдар жыртқыштық түрде «Қазақалтын» -ның ішкі істеріне араласып, олардан ұрлай бастауда. Бұл ұрлық жасау деп аталады. Бірақ «Қазақалтын» ірі компания болғандықтан көлемі шағын ұсақ кен орындарын барламайды. Ондай ұсақ кен орындары Қазақстанда толып жатыр. Шағын орта бизнес ИДМ-ғы жер қойнауын пайдалану комитетіне барып, алтыны кен орындарын сатып алып, барлау жүргізіп, өндірсін. Біз оларды сатып аламыз. Бұл біз үшін өте пайдалы бізде шикізатты жеткізу көлемі ұлғаятын болады. Бірақ ұрлау емес! Көріп тұрғаныңыздай олар аршыма жұмыстарымен айналысқылары келмейді.

– Бәлкім олар өткен ғасырдан бастап бұған дейін «Қазақалтын» белсенді түрде кеніштерді дайындап, онда олардың аталары, әкелері, өздері не болмаса алтын іздеушілер жұмыс істейді деп ойлайтын болар. Олар жергілікті халық ретінде үлестің басым бөлігін алуға тиіспіз деп ойлайтын шығар. Осы дұрыс па, жоқ әлде қате ме?

– Ақсу, Жолымбет кен орындары жер қойнауын пайдалану келісімшарты бойынша «Қазақалтын» тиісті. Салықтар төленіп, корпорацияның басшылығы ол үшін жауап береді. Шағын компаниялар мен жеке кәсіпкерлер «Қазақалтын» басшылығына келіп, заңды қарым-қаныса құруы тиіс. Бұл «Қазақалтын» үшін де тиімді. Қалдықтар қалып қалды – шағын бизнеске беріп қайта өңдетіп, олардан алтынды шикізатты сатып ала алады. Жалпы көлем ұлғайған кезе бізге әкеледі.