Жыл сайын 1 наурызда Қазақстанда Алғыс айту күні атап өтіледі. Осы мереке қарсаңында «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан қор жүзеге асыратын әлеуметтік жобалар туралы әңгімелейтін әлеуметтік роликті ұсынады.
Роликтің сюжетінде – түрлі ұрпақтың тағдыры. Ол адамның өмірі – күнделікті кедергілермен күрес, өзін жеңу, жаңа мүмкіндіктерді іздеу. Және біздің компаниялар тобының қолдауы арқасында олардың өмірі қалай өзгергені туралы көрініс.