2014 жылғы 6 қазанда болып өткен, «Самұрық-Қазына» АҚ Транформациялау форумы жұмысы аясында, «Тау-Кен Самұрық» АҚ Қызылорда облысындағы Шалқия қоғасын-мырыш кен орнын игеру жобасын іске асыру туралы тұсаукесерді ұсынды.
«Тау-Кен Самұрық» АҚ Басқарма төрағасы М.Ә.Тұрмағамбетов өзінің сөйлеген сөзінде, Шалқия кен орнында жүргізіліп жатқан құрылыс және тау-күрделі жұмыстар туралы, негізгі және ілеспе компоненттерді жоғары деңгейде туралап алатын металлургия кешені құрылысының жоспары туралы айтып өтті.
Мемлекет басшысының Трансформациялау жөніндегі Форумда «Самұрық-Қазына» Қоры жұмысына инновациялық технологияларды қолдану қажеттігі туралы мақсатты тапсырмасына сәйкес, М.Ә.Тұрмағамбетов, енгізілуі жоспарланып отырған инновациялық технологиялар туралы баяндады. Шалқия кенішінде өндірілген кенді тасымалдаудың конвейерлік жүйесі енгізіліп, байыту фабрикасында жаңа тиімді және экологиялық қауіпсіз реагенттер пайдаланыла отырып, өте ұсақтап майдалайтын диірмен және байыту технологиясы пайдаланылатын болады.
Шалқия кен орнында қуаты 2 млн. тонна руда болатын Іске қосу кешенінің I кезегін пайдалануға беру, 2017 жылдың IV тоқсанына, II кезегі – 2019 жылға жоспарланып отыр.
Аталған жобаны іске асыру нәтижесінде, мынадай жаңа жұмыс орындары құрылатын болады: құрылыстарды салу кезеңіне 956 адам тартылып, тау-байыту кешенін пайдаланған кезде 1540 жұмыс істейтін болады.