Түрік инвесторлары қатты пайдалы қазбаларды барлау және өңдеу бойынша жобаларды іске асыруға қатысады

«Тау-Кен Самұрық» ұлттық компаниясы Қарағанды облысындағы Алайғыр кен орнындағы полиметалл кенін өндіру және қайта өңдеу және Оңтүстік-Мойынты алаңындағы алтынды барлау бойынша қолданыстағы жобаларды іске асыруға стратегиялық инвесторларды тартады.

ҚР Президентінің Түрік Республикасына сапары барысында «Тау-Кен Самұрық» ұлттық компаниясының өкілдері түріктің Lidya Madencilik компаниясымен Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Әңгіме Оңтүстік-Мойынты алаңындағы (ОМА) алтын кенді кен орнының үлесін сату туралы болып отыр.

2017 жылғы маусым айында «Тау-Кен Самұрық» ОМА алтынды кенді барлауға жер қойнауын пайдалану құқығының иеліктен шығарылғандығы туралы жариялады. 2017 жылдан бастап ОМА-да геологиялық барлау және дала жұмыстары жүргізілмейді.

ОМА сату туралы жарнама орналастырылғаннан кейін осы активке қызығушылық білдерген тек Lidya Madencilik компаниясынан жалғыз ұсыныс келіп түсті. 2017 жылғы қыркүйек пен 2018 жылғы тамыз айларында «Тау-Кен Самұрық» және Lidya Madencilik компаниясы басшылығының арасында жүргізілген келіссөздердің қорытындылары бойынша ынтымақтастық шарттары келісілді. Түрік компаниясының Түркиядағы алтын кен орындарын игеруге байланысты жұмыстарда жеткілікті тәжірибесі бар.

Меморандумға қол қойғандар: қазақстан тарапынан – Қанат Құдайберген – «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Басқарма Төрағасы, түрік тарапынан – Мустафа Аксой –LidyaMadencilik бас директоры.

01164e46936700a0cd99bac1f1486aaf.jpg

АНЫҚТАМА:

ОМА алтынды барлауға арналған келісімшарт 2015 жылдан бастап 2021 жылға дейін әрекет етеді. Геологиялық бөлу алаңы – 234 км2. Келісімшарттық аумақта дала геологиялық барлау жұмыстары 2015-2016 жж. орындалды. Алтынның болжамды қоры – 8,4 тонн.

Lidya Madencilik компаниясы туралы ақпарат: 2016 жылы негізін қалаған, CalikHoldin компаниясының тау-кен өндіру жөніндегі бөлімшесі болып табылады, Түркия. CalikHolding сондай-ақ энергетика, құрылыс, жылжымайтын мүлік, тоқыма өнеркәсібі, қаржы және телекоммуникация салаларында жұмыс істейді. 22 елде, оның ішінде, Орталық Азия, Балқан өңірі, Таяу Шығыс және Солтүстік Африка елдерінде өкілдіктері бар. CalikHolding жалпы активтері 2017 жылдың соңында $10,26 млрд. мөлшерінде бағаланды. Lidya Madencilik ÇöplerGoldMine кен орнының (Түркиядағы көлемі бойынша екінші орындағы кен орыны) 20% үлесіне ие, бұдан басқа, компания қоржынында геологиялық барлау сатысындағы және жобалық құжаттама әзірлеу сатысындағы бірнеше жобалар бар, оның ішінде, Gediktepe, HotMaden Project алтын-мыс кен орыны, Бурса, Балыкесир және Гюмюшхан (Түркия) аудандарындағы бірқатар кен орындары бар.