ТҮРІК КОМПАНИЯСЫ АЛАЙҒЫР КЕН ОРЫНЫНДА ПОЛМЕТАЛЛ КЕНІН ӨНДІРУ ЖӘНЕ ҚАЙТА ӨҢДЕУ БОЙЫНША ЖОБАНЫ ІСКЕ АСЫРУДЫ ИНВЕСТИЦИЯЛАЙДЫ

«Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы және Esan EczacıbaşıEndüstriyelHammaddelerSan. VeTic. A.Ş (‘EsanEczacıbaşı’) ынтымақтастық туралы келісті. Алайғыр жобасы бойынша мәміленің негізгі шарттары туралы келісімге (TermSheet) Астана экономикалық форум шеңберінде өткен жаһандық инвестициялар бойынша дөңгелек үстел алаңында (Kazakhstan GlobalInvestmentRoundtable) қол қойылды.

Қазақстан тарабынан «Тау-Кен Самұрық» Басқармасының Төрағасы Қанат Құдайберген, ал түрік тарабынан EsanEczacıbaşı бас директоры Серпиль Демирель қол қойды.

TermSheet индикативтік шарттарына сәйкесEsanEczacıbaşı Алайғыр кен орынының базасында тау-кен байыту комбинатының құрылысын 75% қаржыландыру міндетін алады.

«Тау-Кен Самұрық» ұлттық компаниясы 2018 жылы бекітілген Даму стратегиясына сәйкес қолданыстағы жобаларды іске асыруға стратегиялық инвесторларды тартады.

АНЫҚТАМА:

«Алайғыр» БК» ЖШС-ның Қарағанды облысындағы Алайғыр кен орынында полиметалл кенін өндіруге арналған Келісімшарты бар. Жобаны іске асыру шеңберінде кен орынында ұжымдық концентартта жылдық өндірістік қуаты 35 мың тонна қорғасын өндіретін тау-кен байыту кешенін салу жоспарланып отыр.

EsanEczacıbaşı – 1978 жылы негізін қалаған Түркиядағы қатты пайдалы қазбаларды өндіру және қайта өңдеу саласындағы ең негізгі компаниялардың бірі. EsanEczacıbaşı – Түркия мен Еуропада алғашқы магнийдің жалғыз өндірушісі. Жоғары сапалы минералдар мен көптеген өнеркәсіптік материалдар мен жабдықтардың жеткізушісі болып табылады, Түркия мен әлемнің 50 мемлекетіне өнеркәсіпке арналған 150-ден астам өнім түрін сатады.

Компанияның Түркияда жылына 130 мың тонна (шамамен жылына $150 млн.) концентрат өндіретін Балия қорғасын және мырыш кен орыны бар.