«Тау-Кен Самұрық» ҰТК АҚ акциялары100 пайыз «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ тиесілі.
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі және тұрақтылығы жөніндегі кейбір шаралар туралы» 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің«Қазақстан Республикасы Президентінің «Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі және тұрақтылығы жөніндегі кейбір шаралар туралы» 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығын «Қазына» тұрақты даму қоры» мен «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі казақстандық холдинг» акционерлік қоғамдарынқосу жолымен іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қаулысына сәйкес құрылды.
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын арттыру үшін, сондай-ақ әлемдік нарықтағы ықтимал жағымсыз өзгерістердің елдегі экономикалық өсімге әсер ету факторын алдын ала ескерту үшін құрылған.
Қор қызметінің негізгі мақсаты, ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялардың және басқа да заңды тұлғалардың, олардың меншік құқығына тиесілі акциялар пакеттерін (қатысу үлестерін), олардың ұзақ мерзімдік құнын барынша арттыру және олардың әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін басқару болып табылады.
Қор туралы барынша толық ақпарат алу үшін сілтеме бойынша ресми сайтқа өтуіңізді сұраймыз.