2012 жылғы 7 маусымда, Қазақстан Республикасының тау-металлургия саласын дамытудың 2030 жылға дейінгі шеберлік жоспарын әзірлеуге арнап, «Тау-Кен Самұрық» АҚ 2012 жылғы сәуірде жасаған консалтингтік қызметтер шарты шеңберінде, Қазақстанның тау-металлургия саласының, сондай-ақ әлемдік және аймақтық нарық пен тау-металлургия кешені өндірісінің қазіргі ахуалын талдауға қатысты, шеберлік жоспардың алғашқы екі бөлімі жобасының түсаукесері өткізілді. Жобаның орындаушысы, «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ, «Республикалық тау-байыту және тау-металлургия кәсіпорындары қауымдастығы» БЗТ, «Қазақстан Республикасының минералды шикізатын кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» РМК және Chris Morgan Associates Limited (Ұлыбритания) компаниялары құрамындағы Консорциум болып табылады. Кездесу, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Өнеркәсіп комитеті басшылығы өкілдерінің, «Самұрық-Қазына» АҚ, «Қазгеология» АҚ, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, «Қазақалтын» ТМК» АҚ пен «Қазцинк» ЖШС өкілдерінің қатысуымен өткізілді.