Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына және Қоғамның Жарғысына сәйкес, «Тау-Кен Самұрық» АҚ жай акцияларды шығаруға құқылы.
Акция түрлері
Қоғамның жай акциялары акционерлердің жалпы жиналысына, дауыс беруге енгізілетін барлық мәселелерді шешкен кезде дауыс беру құқығын береді. Қоғамда таза табыс болған жағдайда дивидендтер алу, сондай-ақ ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгілеген тәртіппен таратылған кезде, қоғам мүлкі бөлігіне құқық береді. Дауыс беруге жататын акциялардың пайыздық арақатынасы, Қоғамның дауыс беруші акциялары жалпы көлемінің «Тау-Кен Самұрық» АҚ Басқарма мүшелері және «Тау-Кен Самұрық» АҚ Директорлары кеңесі мүшелері арақатынасына қатысты емес.
Бағалы қағаздар шығарылымы және Қоғамның жарғылық капиталы туралы мәліметтер
Жарияланған жай акциялар саны 400 981 дана
Орналастырылған жай акциялар саны 293 887 дана
Орналастырылмаған жай акциялар саны 107 094 дана
Акцияның номиналды құны 1000 теңге
«Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның жарғылық капиталы 259 321 826 984,81 (екі жүз елу тоғыз миллиард үш жүз жиырма бір миллион сегіз жүз жиырма алты мың тоғыз жүз сексен төрт) теңге сексен бір тиын.
Акцияларды шығару проспектісіне өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу туралы.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заңның 11-бабы 4-тармағының және 2018 жылғы 29 қазандағы №247 Қаулыға 1-қосымшаның 12-тармағының негізінде «Taý-Ken Samuryq» UTK» АҚ № 32 Акцияларды шығару проспектісіне өзгерістер мен толықтыруларды тіркеді (Қоғамның атауы мен орналасқан жерінің өзгеруіне байланысты).
Бөлімнің құжаттары: