БАҚ зауыттың іске қосылғаны туралы

Металлургия кремнийін өндіру жөніндегі қарағандылық зауыттың ұзақ уақыт тұрып қалуынан кейін үстіміздегі жылғы қазанда «Тау-Кен Темір» ЖШС мамандары қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді және жоғары сапалы металлургия кремнийі алынған №1 электротермиялық пеште алғашқы балқыту жүзеге асырылды. Аталған оқиға жұртшылық арасында үлкен қызығушылық тудырды. Бұқаралық ақпарат құралдарында еліміздің экономикасы үшін маңызды осы оқиғаны кеңінен жарияланды: «Хабар» телеарнасы («Жеті күн» апталық талдау бағдарламасы, 19.10.2014ж.), халықаралық ақпарат агенттігі (http://www.inform.kz, 15.10.2014ж.), «Горно-металлургическая промышленность» журналының сайты («Кремниевый завод перезапущен в Караганде после двухлетнего простоя», http://www.gmprom.kz, 15.10.2014ж.), «Индустриальная Караганда» газеті («Второе рождение кремния», 16.10.2014ж.), «КурсивЪ» газеті («В Караганде возродили завод по производству металлургического кремния», 16.10.2014ж., http://www.kursiv.kz/news/details/kompanii) және басқалар.

Жұртшылықты жасалған жұмыстардың техникалық егжей-тегжейі туралы ақпараттандыру мақсатында, «Тау-Кен Самұрық» АҚ 2014 жылғы 27 қазанда «Горно-металлургическая промышленность» салалық журналы сайтында «Сала жаңалықтары» айдарымен «Металлургия кремнийін өндіру жөніндегі зауыттың қайта жаңғыруы – бұл елес емес, орын алған оқиға» мақаласын жариялады (см.

).