«Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен «Taý-Ken Samuryq» UTK» АҚ Басқарма төрағасы лауазымына Бахыт Чирчикбаев тағайындалды. Ұжымға жаңа басшыны «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев таныстырды.
1997 жылы Бахыт Чирчикбаев Жамбыл технологиялық институтын «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша аяқтаған.
Әр жылдары «Қазатомөнеркәсіп «ҰАК» АҚ Ішкі аудит басқармасының бастығы, №6 кен басқармасының директоры, «Қазатомөнеркәсіп-Демеу» ЖШС Бас директоры, «Инкай» БК Бас директорының орынбасары, «Степногорск тау-кен химия комбинаты» ЖШС-ның коммерциялық директоры қызметін атқарды.
2018 жылдың қазан айынан бастап осы уақытқа дейін «Степногорск тау-кен химия комбинаты» ЖШС-ның бас директоры болды.