Бақыт Чирчикбаев «Taỳ-Ken Samuryq» UTK Басқармасын басқарды

«Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен «Taý-Ken Samuryq» UTK» АҚ Басқарма төрағасы лауазымына Бақыт Чирчикбаев тағайындалды. Ұжымға жаңа басшыны «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев таныстырды.

1997 жылы Бақыт Чирчикбаев Жамбыл технологиялық институтын «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша аяқтаған.

Әр жылдары «Қазатомөнеркәсіп «ҰАК» АҚ Ішкі аудит басқармасының бастығы, №6 кен басқармасының директоры, «Қазатомөнеркәсіп-Демеу» ЖШС Бас директоры, «Инкай» БК Бас директорының орынбасары, «Степногорск тау-кен химия комбинаты» ЖШС-ның коммерциялық директоры қызметін атқарды.

2018 жылдың қазан айынан бастап осы уақытқа дейін «Степногорск тау-кен химия комбинаты» ЖШС-ның бас директоры болды.