2014 жылғы 3 сәуірде Басқарма төрағасы М.Ә.Тұрмағамбетов «Тау-Кен Самұрық» АҚ ұжымы алдында 2013 жылғы қызметтің нәтижелері туралы есепті кездесу өткізді, онда Инвестициялық жобаларды іске асырудың барысы туралы, сондай-ақ компания қол жеткізген мынадай нәтижелер туралы баяндады:
- «Тау-Кен Алтын»ЖШС аффинаж зауыты құрылысын аяқтау және іске қосу;
- «Тау-Кен Самұрық» АҚ тиесілі қатысу үлесін «Казцинк» ЖШС беру жолымен жағымды қаржы көрсеткіштеріне шығу;
- 2013-2022 жылдарға арналған жаңа даму стратегиясын әзірлеу;
- Жер қойнауын пайдалануға арналған жаңа келісімшарттар жасау.
М.Ә.Тұрмағамбетов, сондай-ақ «Тау-Кен Самұрық» АҚұжымы алдында тұрған 2014 жылға арналған жаңа стратегиялық мақсаттарды белгілеп берді.