«Тау-Кен Самұрық» АҚ Шалқия кен орны тау-байыту кешенінің электр және жылу энергиясына сұранысын қанғаттандыру, электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыру үшін бу-газ электрстанциясын (БГҚ) салу мүмкіндігін қарастырады.
Шалқия қорғасын-мырыш кен орны Қызылорда облысында, Жаңақорған ауданында, Шалқия кентіне жақын орналасқан. Жанынан байыту фабрикасы салынатын бір атаулы тау-байыту кешенін (толықтай «өңдеу және байыту» процесі кезінде) 2018 жылы іске қосу жоспарланып отыр.
БГҚ жоспарланған толық қуаты ≈ 75-80 МВт құрайды. Негізгі жабдық құрамына мыналар:
o2 газтурбинақондырғысы, әрқайсысы≈ 30 МВт;
o2 қазандық-кәдеге жаратушы;
o1 бу турбина қондырғысы ≈ 20 МВт;
oТрансформаторлар 220кВ/6-10кВ (төмен волтты жабдықты жеткізуші анықтайды);
oКөмекші жабдық енгізілуге тиісті.
БГҚ мынадай жұмыс режімін қарастыруға тиісті:
1.Қазандықсыз кәдеге жаратушысыз газ трубинасы;
2.Қазандығы бар кәдеге жаратушы газ трубинасы+ конденсаттық және/немесе жылуландырғыш режімдегі бу трубинасы;
3.Қазандық кәдеге жаратушысыз екі газ трубинасы;
4.Қазандығы бар кәдеге жаратушы екі газ трубинасы+ конденсаттық және/немесе жылуландырғыш режімдегі бу трубинасы;
5.Қазандықты кәдеге жаратушылар + конденсаттық және/немесе жылуландырғыш режімдегі бу трубинасы.
Қазандығы бар кәдеге жаратушылардың газ турбинасынсыз өзінің от жанатын мойыны болуға тиісті. Жылыту және сумен жабдықтау үшін БГҚ жылу беру қуаты кемі 13-15 Гкал құрауы қажет.
БГҚ құрылысын ЕРС келісімшарт негізінде іске қосу болжанып отыр. Жобада барлық тиісті инфрақұрылымдар (газ құбыры, қуат беру сызбасы, су құбыры, канализация т.б.) қарастырылуға тиісті. Жеткізуші сондай-ақ аталған жобаны қаржыландыруға ұсыныс жасайтыны болжанады.
Мүдделі компаниялар қосымша ақпаратты мына мекенжай бойынша ала алады:
«Тау-Кен Самұрық» АҚ
Қазақстан Республикасы, 010000 Астана, Д. Қонаев көш., 8, «Зүбәржат орамы» әкімішілік ғимараты, Б блок, 12-қабат
Сұрақ туындаған жағдайдағы байланыс телефоны:
1.Бахытжан Юсупов
+7717 255 9184
2.Абылай Худайбергенов
+7 7172 559365
a.khudaibergenov@tks.kz