Қуат Қайыргелдіұлы Ирубаев

Директорлар кеңесінің мүшесі, Жалғыз акционер мүдделерінің өкілі

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Туған күні: 16 мамыр 1979 ж. 

Білімі:

• 1996 – 2001 жж. – М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті – Мәскеу, Ресей Федерациясы, мамандығы: «Механика. Қолданбалы математика»

• 2014 – 2015 жж. – Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебі – Астана, мамандығы «Іскері әкімшілік (басқару кадрлар үшін)»

Жұмыс тәжірибесі:

2018  – қазіргі уақытта  – Marsh, Астана қаласындағы Marsh компаниясының өкілі

2008 – 2015 жж. – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, Астана, Тәуекелдіктерді басқару департаментінің директоры, Тәуекелдіктерді басқару комитетінің мүшесі

2006 – 2008 жж. – «МЖЗҚ» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ, Алматы, Тәуекелдіктерді басқару бөлімінің бастығы

2005 – 2006 жж. – «ҚДБ-Лизинг» АҚ, Астана, Лизинг операциялар басқармасы клиенттермен жұмыс жасау жөніндегі бөлімінің бастығы

2004 – 2005 жж. – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Алматы, Монетарлық операциялар департаменті тәуекелдіктер және талдау басқармасының бас сарапшысы

2003 – 2004 жж. – «ТұранӘлем Банкі» ААҚ, Астана, корпоративтік клиентер жұмыс жасау жөніндегі менеджері

Қоса атқаратын жұмысы және ДК мүшелігі:

«Самұрық-Қазына» АҚ-ның басқа еншілес ұйымдарының: «Қазақстан темір жолы»» ұлттық компаниясы» АҚ-ның Директорлар кеңесінің құрамына кіреді.