2021 жылы «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-да 2020-2021 жылдар үшін корпоративтік басқаруды тәуелсіз диагностикалау жүргізіліп, «ВВ» рейтингі берілді.
2022 жылдан бастап Директорлар кеңесіне өзінің қызметіне қатысты объективті бағалауды дайындауға мүмкіндік беретін компанияның Директорлар кеңесіне жыл сайын өзін өзі бағалау жүргізу практикасы енгізілді.
Директорлар кеңесі 2023 жылғы қазанда «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның Директорлар кеңесі мен оның Комитеттерінің, Төрағаның, Директорлар кеңесі мүшелерінің және Корпоративтік хатшының қызметіне бағалау жүргізу бойынша іс-шаралар жоспарын бекітті.
2023 жылғы «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Директорлар кеңесінің қызметіне жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша рейтинг «АА» (96%) деңгейінде анықталды – Директорлар кеңесі барлық елеулі аспектілерде барлық белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келеді және Директорлар кеңесінің тиімді жұмыс істейтіндігі туралы жеткілікті растау, сонымен бірге Директорлар кеңесі мен атқарушы органға: даму стратегиясы, персоналды дамыту, ДК мен оның комитеттерінің құрылымы мен құрамы, еншілес компанияларды басқару, Директорлар кеңесінің мүшелерін оқыту сияқты назар аудару қажет бірқатар аспектілер бар.