Компанияның Жарғысына сәйкес, Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу шарттары мен көлемдерін анықтау Жалғыз акционердің айрықша құзыретіне жатады.
Компанияның тәуелсіз директорларына сыйақы төлеу «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен бекітілген «Самұрық-Қазына» АҚ Компанияларының тәуелсіз директорларының шығындарын өтеу және сыйақы төлеу ережелері негізінде жүзеге асырылады.
Тәуелсіз директорларға келесі сыйақылар төленеді:
- бекітілген сыйақы;
- Директорлар кеңесінің жанындағы комитеттердің күндізгі жиналыстарына қатысқаны үшін қосымша сыйақы.
Тәуелсіз директорларға бекітілген және қосымша жылдық сыйақы сомалары Жалғыз акционердің жеке шешімімен белгіленеді.
Директорлар кеңесінің мүшелері басқа сыйақы немесе жеңілдіктер алмайды, сонымен қатар сыйақының жоғарғы шектері белгіленбейді және «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның акциялары түрінде басқа сыйақылар көзделмейді.
Тәуелсіз директорлар Директорлар кеңесінің есепті кезеңде өткізілген барлық күндізгі және сырттай жиналыстарының жартысынан кеміне қатысқан жағдайда, күндізгі жиналыстарға сырқаттану, демалыста не іссапарда болу себебінен қатыспаған жағдайларды есептемегенде, бекітілген сыйақы төленбейді.
Сонымен қатар, коммерциялық ұйымдардан қандай да төлемдер алуға қатысты заңнамада шектеу қойылған немесе тыйым салынған Директорлар кеңесінің мүшелеріне және Компания Басқармасының Төрағасына сыйақы төленбейді.