Директорлар кеңесінің отырысы оның Төрағасының немесе Компания Басқармасының бастамасымен немесе төмендегілердің талабы бойынша шақырылуы мүмкін:
- Директорлар кеңесінің кез келген мүшесі;
- Компанияға аудит өткізетін аудиторлық ұйым;
- Жалғыз акционерді;
- Компанияның Ішкі аудит қызметі.
Директорлар кеңесінің жиналыстарында осы жиналыстың күн тәртібіне енгізілген мәселелер бойынша шешім қабылданады. Директорлар кеңесінің мүшелерінің жалпы құрамынан 2/3 (үштен екі) бөлігі қатысатын Директорлар кеңесінің кез келген мәжілісі барысында, күн тәртібіне қосымша мәселелер енгізіліп, қаралуы мүмкін, бұл ретте олардың күн тәртібіне қосылуы үшін Директорлар кеңесінің қатысып отырған барлық мүшелері дауыс беруі шарт.