2023 жылы 15 отырыс, оның ішінде 129 мәселе қаралып, олар бойынша шешім қабылданған 2 сырттай отырыс өткізілді. Отырыс аралас нысанда онлайн/оффлайн нысанда өткізілді, Директорлар кеңесі мүшелерінің қатысуы сайланған және өкілеттікті тоқтату сәтінен бастап 100%-ды құрайды.
Директорлар кеңесімен Компания қызметінің негізгі бағыттары бойынша түйінді шешімдер қабылданды:
- «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» акционерлік қоғамының 2024-2033 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы.
- «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Басқарма мүшелері үшін қызметтің мотивациялық түйінді көрсеткіштерін және олардың 2024 жылға арналған нысаналы мәндерін бекіту туралы.
- «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның 2022 жылғы жылдық қаржылық есептілігін алдын ала бекіту және оны жалғыз акционердің қарауына және бекітуіне шығару.
- Кадрлық мәселелер, оның ішінде «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ еншілес ұйымдарының байқау кеңестерінің құрамдарын сайлау.
- «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның ұйымдық құрылымын бекіту.
Аудит комитеті
2023 жылы Аудит комитеті бетпе-бет нысанда 12 отырыс өткізді және 56 мәселе бойынша ұсыныстар берді.
2023 жыл ішінде Аудит комитеті Директорлар кеңесіне тиісті ұсыныстар берді, оның ішінде:
Келесіні қоса алғандағы ішкі аудиттің мәселелері:
- Ішкі аудит қызметінің (бұдан әрі – Қызмет) жылдық және тоқсандық есептері;
- Қызметтің жұмыскерлерін жалдауға, жұмыстан шығаруға және сыйлықақы беруге байланысты кадрлық мәселелер.
- атқарушы органға арналған консультациялық тапсырмалар, Қордың және Аудит комитетінің тапсырмалары бойынша жоспардан тыс тексерулер.
Келесіні қоса алғандағы сыртқы аудиттің мәселелері:
- Компанияның және оның еншілес ұйымдарының 2022 жылғы шоғырландырылған қаржылық есептілігі аудитінің нәтижелері.
- Тау-Кен Самұрық және оның еншілес ұйымдарының 2022 жылғы шоғырландырылған қаржылық есептілігі аудитінің нәтижелері бойынша басшылыққа хат.
- Компанияның және оның еншілес ұйымдарының 2023 жылғы 1-жартыжылдығы және 9 айдағы шоғырландырылған қаржылық есептілігі аудитінің нәтижелері.
Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесі:
- тәуекелдер бойынша тоқсандық есептер талқыланды және бағаланды;
- тәуекел-дәреже, тәуекелдер тіркелімі туралы өтініші және тәуекелдерді басқару, тәуекелдер картасы бойынша іс-шаралар жоспары.
Комплаенс-офицердің қызметін реттейтін қаралған мәселелер:
- комплаенс-офицердің қызметі бойынша ішкі құжаттарды қарастыру (ереже, саясат және рәсімдер);
- комплаенс-офицердің қызметі туралы есепті мақұлдау.
Тағайындау және сыйақа комитеті
Есепті кезеңде Тағайындау және сыйақы комитеті толық құрамда 65 мәселе қаралған және Директорлар кеңесіне тиісті ұсынымдар берілген 12 отырыс өткізді.
Тағайындау және сыйақы комитеті 2023 жылы қараған маңызды мәселелер:
- «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Басқарма мүшесіне кандидаттарды қарау.
- ҚТК-ны орындау негізінде Басқарма мүшелерінің, Ішкі аудит қызметінің, Комплаенс офицердің, Корпоративті хатшының қызметін бағалау.
- «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Басқармасының мүшелері үшін қызметтің ынталандыратын үйінді көрсеткіштерін және олардың мақсатты мәндерін қарау.
- «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның еншілес ұйымдарындағы Байқау кеңестерінің құрамын өзгерту және сайлау.
Стратегиялық жоспарлау және тұрақты даму комитеті
Есепті кезеңде Стратегиялық жоспарлау және тұрақты даму комитеті 36 мәселе қаралған және Директорлар кеңесіне тиісті ұсынымдар берілген 12 отырыс өткізді.
2023 жылдың ішінде Стратегиялық жоспарлау және тұрақты даму комитеті Директорлар кеңесіне тиісті ұсынымдар берді, оның ішінде келесі мәселелер бойынша:
- «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» акционерлік қоғамының 2024-2033 жылдарға арналған даму стратегиясын өзектендіру бойынша қызметің негізгі бағыттарын қарау, талқылау.
- Инвестициялық жобалар бойынша мәмілелерді мақұлдау.