ЕҚДБ мен «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы ауқымды жоба келісімге қол қойды.

Еуропалық қайта құру және даму банкі мен «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы ауқымды жоба – Қызылорда облысындағы Шалқия кен орнын игеруді қолдау туралы келісімге қол қойды. Жоба өңірдің экономикалық дамуына ғана емес, сонымен бірге жергілікті жастар үшін техникалық білім беруге және жұмыс орындарын құруға мүмкіндік жасайды.

0dc1586360478e5da431187e952599b9.jpg

Келісімге Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен қол қой ылды. ЕҚДБ тарапынан Қазақстан бойынша директоры Агрис Прейманис, алТау-КенСамұрықтарапынан – Басқарма төрағасы Мәжит Әбдіқалықұлы Тұрмағамбетов қол қойды.

Жобаның операторы – «ШалкияЦинкЛТД» АҚ, «Самұрық-Қазына» АҚ еншілес ұйымы болып табылатын «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ тиесілі.

АгрисПрейманис: «Қазақстанның энергетика және табиғи ресурстар секторындағы инклюзивті қамтамасыз ету жөніндегі ЕҚДБ жаңа тәсілі шеңберінде қол қойылған «ШалқияЦинк» жобасы бойынша, Тау-Кен Самұрықпен ынтымақтастыққа қуаныштымыз. Біз таукен-байыту секторы өңірді дамытудың бірден бір қозғаушы күші болуға, жастардың кәсіби білім алуын қолдауға және ерлер үшін де, әйелдер үшін де жаңа жұмыс орындарын құруға тиісті екендігі туралы сенім білдіреміз. Инклюзивтілік, яғни, тең экономикалық мүмкіндіктер жасау – ЕҚДБ басымдықтарының бірі» – деді.

«Шалқия қорғасын-мырыш кен орны Қазақстандағы аса ірі кен орны және Қазақстанның мемлекеттік индустриаландыру бағдарламасына енгізілген. Бұл «Тау-Кен Самұрық» АҚ үшін, бүкіл өңір үшін елеулі әлеуметтік-экономикалық мәні бар, маңызды жоба. Кен орнынан жылына 4 миллион тонна кен өндіру жоспарланып отыр. Жоба бойынша, шығару және өндіру саласындағы аса жаңа технологияны, оның ішінде біздің өңір үшін жаңалық – кенді көтеріп сыртқа шығаратын тікелей конвейерлеу енгізу күтіліп отыр. Кәсіпорын қазірдің өзінде 550-ден астам жұмыс орнын қамтамасыз етеді, осы ретте, пайдалануға берілгеннен кейін жұмыскерлердің жалпы саны 1540 адам құрайтын болады»– деп атап көрсетті М.А.Тұрмағамбетов.

Бұрын хабарланғандай, Қызылорда облысындағы «Шалқия» қоғасын-мырыш кенішінің тау-кен өндірісін кеңейту және байыту фабрикасы объектісіне құрылыс жүргізу мақсатында, ЕҚДБ «ШалқияЦинк ЛТД» АҚ өндіру компаниясына 350 млн. АҚШ доллары мөлшерінде бірлестірілген несие береді. Аталған жобаны қаржыландыру туралы несиелік құжаттамаға екі апта бұрын, Астана қаласында, таза энергетикаға арналған Экспо-2017 бірінші күні қол қойылды. «Шалқия» жобасын, әлемдік дәрежелі осы кен орнын игеру кезінде қазіргі заманғы, энергиялық тиімді технологиялар қолданылатын болады.

Жоба сондай-ақ, Қазақстан Үкіметі 2015 жылы бастамашы болған жекешелендіру бағдарламасы шеңберінде объектілерді іске асыру мүмкіндігі үшін әзірлікке күш салуға ықпал жасайтын болады.