FUTURE MINERALS FORUM 2025: ТАУ-КЕН ӨНЕРКӘСІБІНІҢ БОЛАШАҒЫ

«Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы Ұлттық геологиялық қызмет басшысының төрағалығымен қазақстандық делегация құрамында Future Minerals Forum 2025 жұмысына қатысуда. Ол Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта төртінші рет өтіп жатыр. Ауқымды форум 2,5 мыңнан астам қатысушыны – сала көшбасшыларын, саясаткерлер мен сарапшыларды жинады.

Форумның негізгі тақырыптары – тұрақты даму, экологиялық жауапкершілікке жаңа тәсілдер мен инновациялық технологияларды енгізу. Жасыл трансформация, баламалы энергия көздерін пайдалану, сондай-ақ өндірістік процестерді цифрландыру мен автоматтандыру мәселелеріне ерекше назар аударылады. Орталық мәселелердің бірі – ашық және жауапты жеткізу тізбектерін құру, сондай-ақ көміртегі іздерін қысқарту бойынша күш салу, талқылаудың жеке тармағы тау-кен саласындағы әйелдердің рөлін арттыру.

Форум аясында «Тау-Кен Самұрық» және «Қазгеология» өкілдері әріптестерімен кездесулерге қатысып, жынысөзек қоймасында, химиялық зертханада және Сауд Арабиясының Геологиялық қызметінің сейсмологияны зерттеу бөлімінде болып, ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу мәселелерін, атап айтқанда, геологиялық ақпараттың бірыңғай базасын қалыптастыруға қатысты мәселелерді талқылады.