ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БАРЛАУДЫҢ ЖАҢА БЕЛЕСТЕРІ

Тау-Кен Самұрық перспективалы геологиялық барлау жобаларына кіру мүмкіндігін қарастыруда.

          Ұлттық тау-кен компаниясы геологиялық барлау жобаларын дамытуды ескере отырып, Даму стратегиясын өзектендірді. Жаңартылған Стратегияға 2 бастама енгізілді:

  1. жеке геологиялық барлау жобаларын дамыту;
  2. Юниор бағдарламасын іске асыру.

Тау-Кен Самұрық әріптестермен (инвесторлармен) бірлесіп, сондай-ақ өз бетінше бірқатар геологиялық барлау жобаларын іске асыруға ниеттеніп отыр. Атап айтқанда, компания Ақтөбе облысының Құндызды және Біршоғыр кен аудандарында мыс пен ілеспе компоненттерге іздеу-бағалау жұмыстарын жүргізуге лицензия алды. Бұл аумақта барлау бағдарламасы 6 жылға есептелген. Бұған дейін Қарағанды, Алматы, Ақтөбе және Қызылорда облыстарының аумағында жалпы алаңы 18000 км2 болатын іздеу жұмыстарын жүргізу үшін Фортескьюмен операторлық келісім жасалғаны туралы хабарланған болатын.

Геологиялық барлауды белсенді дамыту металлургиялық қуаттардың толық жүктелмеуі, қатты пайдалы қазбалар қорларының сарқылуы, елдің минералдық-шикізат базасын толықтыру проблемасын шешеді.

Анықтама үшін: Қазақстан жаңа кен орындарын ашу және игеру үшін айтарлықтай әлеуетке ие. 2018 жылы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы жаңа кодекс қабылданғаннан кейін барлауға 650-ден астам жаңа лицензия берілді, бұл жаңа кен орындарын табу ықтималдығын едәуір арттырады.