Астана қаласында Kazakhstan Industry Week халықаралық көрмесі өтеді. Әлемнің 17 елінен 242 компания заманауи жабдықтар мен жаңа технологияларды, дайын өнім үлгілері мен бизнес-идеяларды ұсынады. Олардың арасында «Taý-Ken Samuryq» ulttyq taỳ-ken kompanıasynyń еншілес кәсіпорындары – аффинаж зауыты және металлургиялық кремний өндіру зауыты бар.
Көрмеде «Tau-Ken Temir» әлемде бетон конструкцияларын салу және өндіру кезінде қолданылатын отандық құрылыс саласы үшін инновациялық өнім – микросиликаны ұсынды. Микросилика – кремний өндірісінің жанама өнімі, басқа қоспалармен салыстырғанда құны өте төмен, ол цементті 8% – дан 20% – ға дейін үнемдеуге, дайын бетон конструкцияларын тасымалдау мен орнатуды жеңілдетуге, ең бастысы пайдалану сипаттамасы өте жоғары және ерекше құрылымдық мүмкіндіктері бар – High Performance Concrete бетондарын алуға мүмкіндік беретін ерекше қасиеттерге ие. Бұл топтағы бетондар жиырма жыл бұрын әлемдік құрылыс тәжірибесінде қолданыла бастады, олар жоғары беріктігімен, су өткізбейтіндігімен, тотығуға, суыққа төзімділігімен және беріктігімен ерекшеленеді. Сондай-ақ, микросиликаны автожол құрылысында қолданудың да перспективалары бар.
Көрмеде «Тау-Кен Алтын» экологиялық қауіпсіз электрохимиялық аффинаж технологиясын ұсынды. Зауыт тікелей сатып алу немесе толлинг негізінде кейіннен қайта өңдеу үшін құрамында алтыны бар шикізатты жеткізушілермен ынтымақтастыққа дайын.