Алайғыр кен орны полиметалл рудасын өндіру мен қайта өңдеу

Пайдалы қазба түрі

Негізгі элемент: қоғасын (Pb), Iлеспе өнеркәсіптік элементтер: күміс (Ag)

Инфрақұрылым және алаптың қысқаша сипаттамасы

Алайғыр кен орны Қарағанды облысында, Қарағанды қаласынан оңтүстік шығысқа қарай, Қарқаралы және Шет аудандарының шекарасында орналасқан. Оңтүстік батысында 60 км, Шет ауданының әкімшілік орталығы Ақсу-Аюлы кенті орналасқан. Таяу елді мекені, кен орнының батысына қарай орын тепткен Ақшоқы кеңшары болып табылады. Қарағанды-Қарағайлы теміржолынан қашықтығы 80 км құрайды. Таяу тау-кен кәсіпорны – ҚарағайлыТБК, кен орнының солтүстік шығысында 80 км жерде орналасқан.

Объектінің қысқаша сипаттамасы

Успенский синклинорияның шығыс бөлігінде (успенскжапырылған аймағы) орналасқан. Аудан құрылымында кен орны терриген-карбонатформациясын және фамен-турней жастағы спилит-кремний-терригенформациясын, сондай-ақ ерте пермь жастағы аса ірі сілтілі липарит шоғырының көмірлі параллелдік формациясын түзуге қатысады. Аудандағы қорғасын кендеу, атап айтқанда липаритсубвулканды денелермен байланысты. Кен орны 2850 м кең ауқымды бағытпен созылып жатыр және шартты түрде үш учаскеге бөлінген: Батыс – ұзындығы 1240м (14 руда дене), Орта – 700м (7 руда дене) және Шығыс – 770м (11 руда дене). Руда дене өзекті-ұялы-себінді қорғасынның линза тәрізді қыртысының шұғыл құламасы пішінде кездеседі. Размері бойынша орташа және ұсақ (2) руда дене және ұсақтүрлері ерекше көрінеді (р.дене 1, 3, 24, 28).

Кен орны ауданы Балқаш-Курин су айыру өзекті бөлігінің солтүстігіне қарай, Орталық Қазақстанның барынша қыраты бөлігіне жатады.

Ауданға тән сипат, оларды кең алаптармен және майда құмдауытпен (абсолютті биіктігі800-900 м) бөліп жатқан аласа таулар (абсолютті биіктігі 1000-1200 м) үйлестігі болып табылады. Жақтығы бойындағы шоқылардың салыстырмалы биіктігі 150-250 м жетеді.

Кен орны Жақсы-Қаражал (1088 м) және Алайғыр (1012 м) тауларының солтүстік бөктері баурайында орналасқан және биік шоқылары биіктігі шамалы қыраттармен ұштасқан. Кен орны учаскесі шегінде абсолютті биіктігі 865 – 930 м аралығында құбылады, кен шығатын салыстырмалы биіктік түбінен алғанда 25-30 м жетеді.

Аудан климатышұғыл континентальды, қысы суық және жазы мейлінше ыстық әрі құрғақ.

Қоры/ресурсы және геологияның қысқаша сипаттамасы

Қоры

С1

С2

Баланстан тысы

руда, мың тонна

13160

5358

2888

Pb, мың тонна

748,5

251,7

39

Ag, тонна

362,6

120

25

Kd, тонна

53,8

22

3

S сульф., тонна

104

33

4

Hg, тонна

17

7

1

Sb, тонна

677

239

30

Жоспарланған іс-шаралардың ағымдық мәртебесі және қысқаша мазмұны

Жер учаскесін таукен теріміне рәсімдеу және құрылысы объектілері.

Жобаның ТЭН мемлекеттік ведомстводан тыс сараптама алынды. Жобаның бас жоспары бекітілді. ТБК энергиямен жабдықтау объектілері және құрылыс кезеңінде пайдаланылатын объектілер бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Сынаманы ттыққан және сульфидті кенге зертханалық сынау жұмыстары жүруде. Сынақ қорытындысы бойынша ТБК жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленетін болады.

Қосымша ақпараттар мен ескертпелер

Жобаны басқаруды «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» aкционерлік қоғамның еншілес компаниясы – «Алайғыр» бірлескен кәсіпорын» жауапкершілігі шектеулі серіктестік жүзеге асырады.