Пайдалы қазба түрі
Негізгі элементтер: алтын (Au)
Инфрақұрылым және алаптың қысқаша сипаттамасы
Оңтүстік Мойынты алаңы әкімшілік бөлінісі бойынша Қарағанды облысының Ақтоғай ауданына жатады және Мойынты т/ж станциясынан шығысқа қарай 30 км жерде орналасқан. Алаң ауданы – 220 км2. Жұмыс алаңы экономикалық әлсіз дамыған болып есептеледі.
Объектінің қысқаша сипаттамасы
Учаске төменгі силураның вулкан-тұнба қыртысы, жоғарғы девон интрузиясы, протерозойдың қалыптасқан метаморфиялық қалыңдықтағы Тасарал-Қызылэспинский антиклинорияның орталық бөлігінде орналасқан. Ауданда жер мүжіген қыртысы, пролювиалды-делювиалды тұнба кеңінен жайылған. Мұнда кварц-желілі формациялы алтынның 25 кенбілінімі, төрт полиметалл мен екі сирек топырақ білінімдері шоғырланған. Алтын кенденуі ауқымды ендік пен алысқа жайылған кварцты желі аймағы созылымына ұштасады. Аймақтың созылымы 10 км. дейін. Аудан шегінде жалпы ұзындығы 50 км. дейін созылатын, қуаты >100м 2,3,4,5 субмеридиандық созылымы; 1 (Қызылқабырға) және IV-a субендік созылымның екі аймағы кездеседі. 1991 жылы аудан кварц-желі типті кеңдену бойынша, сондай-ақ алтын құрамды делювиал-пролювиал шашырандысы мен мүжілген қыртысы неғұрлым перспективалы болып танылды.
Запасы/ресурсы және геологиялық қысқаша сипаттамасы
Келісімшарттық аумаққа далалық геологиялық барлау жұмыстары 2015-2016 жылдар аралығында жүргізілді.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде сипатталған аудандардың геологиялық құрылымы нақтыланды және №3, 4, Қызылқбырға учаскелері шегіндегі алаңда алтын құрамды кварц желісі аймағына бағалау жүрізілді және ауданды литохимиялық түсірілім нәтижесінде кешенді ореолдар анықталды.
Литохимиялық түсірілім нәтижелері бойынша Келісімшарттық аумақ алаңының шығыс, батыс және орталық бөліктерінде қорғасын, мырыш, мыс және барит бойынша перспективалы кешенді қайталама ореолдар ашылды. Қайталама ореолдар бойынша 100м. дейінгі тереңдікте алаңның өнімділігін экстраполяциялау әдісімен Р3 категориясы бойынша болжамды ресурстар есептеп шығарылды.
Кеденуді жайылуы және тереңдігі бойынша кенденуді бағалау мақсатында 11 алтыны бар объектіге –№3, 4 және Қызылқабырға учаскелері шегінде кварц-тастамыр аймағына таукен және бұрғылау жұмыстары жүргізілді. Осы аймақтар шегінде қуаты 0,1-ден 20 м дейін, сынамадағы алтын мөлшері 0,5 г/т-ден 126,9 г/т дейін және орташа мөлшері 1,38г/т-дан 9,73г/т дейін руда дене анықталды. Ашылған денелер бойынша запасы есептелді және орташа мөлшері 3,1 г/т болатын 8.4 тонна алтын қоры бағаланды.
Жоспарланған іс-шаралардың ағымдық мәртебесі және қысқаша мазмұны
2017 жылы геологиялық барлау жұмыстары тоқтатылды. 2015-2016 жылдар аралығында орындалған далалық жұмыстардың нәтижесіне талдау жүргізілді. Қазіргі сәтте жобаны одан әрі игеру үшін әлеуетті әріптестерді/инвесторларды іздестіру жүргізілуде.