Қарағанды облысындағы Солтүстік Қатпар кен орны вольфрам-молибден рудасын барлау және өндіру

Пайдалы қазба түрі

Негізгі элемент: вольфрам (W)

Ілеспе өнеркәсіптік элементтер: молибден (Mo), Медь (Cu), Висмут (Bi)

Объектінің қысқаша сипаттамасы

Кен орны Успенскі аймағы еңісінде орналасқан және еңісті жоғарғы девон әктасты блок –төменгі карвонға ұштасады. Кен орнының орталық бөлігінде желілі Ақмола сілемінің күнбес тәрізді бөлігін құрайтын ежелгі перм граниттері 400-600 тереңдікке жасырылған. Кен орны ауданының негізгі бөлігін құрайтын әктас надтрузивті аймақта мәрмәрланған және скарнирленген. Кен орнының орталық бөлігіндегі скарнді желі мен өзекшілер, штокверк тәрізді қатпарда 300×400 м мөлшердегі қуатты тік құламаны қалыптастырады. Құламасы бойынша 500 м анықталған. Кен шоғырының қанаттық қуаты, штокверк линза- және қыртыс тәрізді түрге айналады. Кен орнында руданың үш түрі анықталған: 1 – қышқылды мүжілген; 2 – мәрмәрлік әктастағы скарнді-грейзендер; 3 – граниттегі кварцты-грейзендер.

Кен орнында скарн-грейзенді түріндегі ілеспе мыс және висмут кездесетін скарнды әктасқа ұштасады. Кеннің минералдануы әртүрлі бағыттағы қуаты 1-10 см скарн-грейзенді желіге ұштасады. Штокверк шегінде сынама арқылы төрт скарн-грейзенді дене анықталды. Олардың ішіндегі ең ірісі линза тәрізді 800 м қпшықтыққа созылады, орталық бөлігінде шоғырланған қуаты 5-тен 200 м дейін барады, құламасы бойынша 400 м дейін тереңдікті құрайды. Руда шашыранды және ұсақ ұяшықтар түрінде, негізінен флюориттік желілерде байқалады.

Солтүстік Қатпар кен орнының негізгі таукен-геологиялық ерекшеліктері мыналар болып табылады:

  • Салыстырмалы дөңестері 5-10 м болатын жазық-шоқылы рельеф, беткейінің оңтүстікке және батысқа, солтүстік-шығысқа қарай созылады (беткейінің ең биік белгісі 698 – 707,8м);
  • Кеңденудің таралу тереңдігі 2-ден 520 м дейін;
  • Кеңдене негізінен тік құламалы, олардың бір бөлігі жазық немесек еңісті болып келеді, 10-нан 370 м дейін құбылады;
  • кендене қуаты 10-нан 370 м дейін құбылады;
  • Кендененің формасы: қыртысты, эллипс тәрізді, бұралаңды, делдиген, орақ тәрізді, линза тәрізді;
  • Кен орнында руданың үш генетикалық түрі анықталған, олар: тотықққан сазды және сазды-қиыршық тасты мүжілген қабат, скарн-грейзенді мәрмәрланған әктасты және кварц-грейзенді қыртыс – гранит құрамында кездеседі;
  • Кен орны негізінен екі қабатты құрылымнан тұрады, жоғарғы қабаты өзара байланысты және байланысты емес топырақтардан тұрады , ал төменгі қабаты оқшауланған жартасты түр (мәрмәрлі әктас, әктас сакрндер, алевролиттер, қиыршық құмдар, метасоматтар, граниттер, диориттер, дио тәрізді порфириттер);
  • Бос топырақты жабынды қыртыстың қуаты 0-ден 220 м дейін өзгереді, орташа 36 м;
  • Аудан сейсмикалық емес.
  • Скарн-грейзенді кешенді руда жеңіл байытылады.

Кен орнының теңгерімдік запасы

Солтүстік Қатпар 1973 жылдан бастап зерттеліпе келеді. 1982 жылы алдын ала барлау жұмыстары аяқталды, 1987-1993 жылдары толық барлау жүргізілді. 1985 жылғы 14 сәуірде Солтүстік Қатпар кен орны бойынша пайдалы қазбалар запасын ҚР МЗК бекітті.

2001 жылғы 01.01 жағдай бойынша кен орны бойынша алғашқы кеннің теңгерімдік қоры карьер төңірегінде мынаны: С1+С2 кат. Бойынша – 40 169 мың тонна руда, WO3 – 90 493 тонна (WO3 – 0,225%), молибден – 13 927 тонна (MoS2 – 0,035%), висмут 5 835 тонна (0,014%), мыс 57,0 мың тонна (0, 14%).

Запасы

С1+ С2

Руда, мың тонна

40 169

WO3, тонна

90 493

Mo, тонна

13 927

Bi, тонна

5 835

Cu, мың тонна

57,0

Ағымдағы мәртебе және жоспарланған іс-шаралардың қысқаша мазмұны

Солтүстік Қатпар кен орны вольфрам-молибден-мыс-висмут рудаларына тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақ жүргізілді және байыту фабриксын және гидрометаллургиялық бөлуді жобалауға техникалық регламент әзірленді.

Солтүстік Қатпар кен орны вольфрамын толық барлау жөніндегі бағалау жұмыстарының жобасы ҚР ИДМ Геология жәнежер қойнауын пайдалану комитетінде бекітілді.

Солтүстік Қатпар кен орны карьерінен суды тартып шығару жұмыстары аяқталды. Солтүстік Қатпар кен орны толық барлау жұмыстары жүруде.