Бейжін қ., 2017 жылғы 15 мамыр
Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сапары шеңберінде, бүгін «Масальский тау-байыту комбинаты» ЖШС өкілдері тау-металлургия кешенін салу жөніндегі екі келісімге қол қойды. Бейжінде тау-металлургия кешенін салу мен оны одан әрі қаржыландыру кіретін, бірқатар маңызды аспектілер бойынша келісімдерге қол жеткізілді.
Осылайша, қытайлық тарап China National Technical Import and Export Coroporation (CNTIC), Ақмола облыысындағы Масальмкий темір рудасы базасында металлургиялық кешен салуға арналған мердігерлікті өзіне алуға ниетін білдірді.
Анықтама. Масальский кен орнында руданың пайдалану запасы С1 және С2 категориялары бойынша жиынтығы 729 млн тонна құрайды.
«Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Басқарма төрағасы Мәжит Тұрмағамбетов былай деп атап көрсетті:
«Біздің сапасы жоғары болат өндіргіміз келеді, өйткені қазір еліміз жылына жарты миллион тонна көлеміндегі болатты импорттайды. Болат құю зауыттарының өлшемі бойынша біздегі зауыт онша үлкен емес – жылына 940 мың тонна болат. Бұл бүгінде жаңа тренд саналады, өйткені кәсіпорын ұтымды болуға тиісті. Олар кез-келген сәтте қайта құрылуға және бизнеске және өнеркәсіпке не керек болса, сол сәтінде соны өндіруі қажет»
Сонымен бірге, ҚХР «Эксим Банкімен» жобаны қаржыландыру туралы шектелмелі келісімге қол жеткізілді. Аталған зауытты дамыту құрылыс барысында шамамен 4000 адамды және кешенді пайдалану кезеңінде 3000 адамы жұмыспен қамтуға мүмкіндік беретін, стратегиялық міндет болып табылады, сондай-ақ болатты импорттау қажеттілігінен арылуға мүмкіндік береді. Осындай жұмыстың нәтижесі ГБЖ және өсу жобаларын одан әрі қайта инвестициялау мақсатында, түсім қалыптастыру базасына қол жеткізуге мүмкіндік береді.