«Масальский ТБК» жобасы: жүзеге асудың халықаралық дәрежесі

2015 жылғы 31 тамызда сапар аясында Пекин қаласында қос мемлекет басшылары: Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің алдында «Тау-Кен Самұрық» АҚ Ақмола облысындағы «Масальский» темір кен орнының негізіндегі металлургиялық кешеннің құрылысы» жобасына кредит желісін беру туралы «Масальский ТБК» ЖШС мен Қытайдың экспорттық-импорттық банкі арасында Шекті Келісімге қол қоюдың салтанатты рәсімі болып өтті.

Жоспарланған тау-металлургиялық кешеннің жылдық қуаты 1 млн. тонна болатты құрайды деп күтілуде.

cbff38ecc18b4c78b52bcff9dc9a867a.png

Анықтама. «Тау-Кен Самұрық» АҚ жобасы – «Масальский тау-байыту комбинаты» – Масальский темір кен орнының жер қойнауын пайдаланушысы. Кен орны Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Жарқайын ауданында орналасқан.

ҚР Үкіметінің Ү04.10.2011 ж. №1137 Қаулысына сәйкес, Масальский темір кен орны Қазақстан Республикасының стратегиялық маңызға ие кен орны болып табылады.