«Медиация – тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың (медиаторлардың) жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды (дау-шарды) реттеу рәсімі»,– Медиация туралы ҚР Заңы.
Медиатор – медиацияны кәсіби негізде немесе қоғамдық негізде жүргізу үшін тартылатын тәуелсіз жеке тұлға.
Медиацияны қолданудың ең көп тараған саласы – жеке және заңды тұлғалардың, әкімшілік органдар мен лауазымды тұлғалардың қатысуымен азаматтық, еңбек, отбасылық, әкімшілік құқықтық қатынастардан туындайтын даулар (жанжалдар).
Медиацияның мақсаттары: Медиация тараптарын ұйымдастыратын дауды (жанжалды) шешу нұсқасына қол жеткізу, сондай-ақ Тараптардың жанжал деңгейін төмендету.
Медиация қағидаттары:
1) еріктілік
2) медиация тараптарының теңдігі
3) медиатордың тәуелсіздігі мен бейтараптығы
4) медиация рәсіміне араласуға жол берілмейді
5) құпиялылық
2022 жылы Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникация орталығы «Самұрық-Қазына» АҚ медиаторларының ішкі пулы» жобасы аясында портфельдік компаниялардың жүзден астам қызметкерін оқытуды ұйымдастырды.
Ішкі медиаторлардың жалпы тізімі «Халықаралық құқық қорғау орталығы» РҚБ-ның сайтында орналастырылған.
«Taý-Ken Samuryq» UTK» АҚ-ның сертификатталған медиатор:
Нұрлыбек Жанұзақов тел: 8(72435) 79107 (қос. 7025) n.zhanuzakov@zinc.kz