МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ТАПСЫРМАСЫН ОРЫНДАУ ЖОЛЫНДА «ТАУ-КЕН САМҰРЫҚ» АҚ АФФИНАЖ ЗАУЫТЫН САЛУ ЖӨНІНДЕГІ ЖОБАНЫ ІСКЕ АСЫРАДЫ.

2012 жылғы 3 шілдеде «Астана – Жаңа қала» АЭА индустриалды парк аумағында телекөпір шеңберінде индустриялды жобалар бойынша, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен, аффинаж зауытының құрылысы басталғанын әйгілейтін капсула салу және алғашқы қазығын қағу жөніндегі іс-шара өткізілді.
Ресми іс-шараға Германияның Қазақстан Республикасындағы елшісі Гидо Херц мырза, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ ,«Тау-Кен Самұрық» АҚ, «Тау-Кен Алтын» ЖШС өкілдері, TCS “Oberreuther” неміс компаниясының бас мердігері және т.б. қатысты.
Сонымен бірге, 2012 жылғы 4-5 шілдеде “Astana Mining and Metallurgy” астаналық ІІІ тау-металлургия конгресі шеңберінде көрмеге қатысушыларға аффинаж зауытын салу жобасының тұсаукесері өткізілді.
Зауытта пайдалануға, алтын құрамды, сондай-ақ техникалық және зергерлік құнды бағалы метал сынықтарынан тұратын шикізатты өңдеуге мүмкіндік беретін, Германияның алдыңғы қатарлы аффинаж кәсіпорындарының озық инновациялық технологиясы қабылданды.
Зауытты іске қосу, 2013 жылдың IV тоқсанына жоспарланып отыр, жобалық қуаты жылына 25 тонна алтын және 50 тонна күміс құрайды.