MINEX QAZAQSTAN 2024

Бүгін Астанада MINEX Қазақстан 14-ші тау-кен геологиялық форумы басталды.  Оның басты тақырыбы – «Қоғам мен қоршаған ортаның игілігі үшін тау-кен өнеркәсібінің тұрақты дамуы».

Бағдарламада 120-ға жуық баяндамашы, оның ішінде мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, отандық және шетелдік тау-кен компанияларының, институционалдық және жеке инвесторлардың, технологиялық және консалтингтік компаниялардың, қаржы секторының, салалық қауымдастықтардың және т.б. өкілдері мәлімделді.

«Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы Басқармасының төрағасы Бахыт Чирчикбаев «Қазақстандағы тау-кен металлургия өнеркәсібін дамыту драйверлері» пленарлық сессиясында сөз сөйледі.

Ол Тау-Кен Самұрыққа Қазгеология АҚ-ның 100% акциясын беру тұрғысынан компанияны одан әрі дамытудың басым жобалары мен жоспарлары туралы айтып берді, атап айтқанда, серіктестер ала алатын бірқатар артықшылықтарға назар аударды: «Қазгеологияның Тау-Кен Самұрық құрылымына кірігуі қазіргі және болашақ әріптестермен ынтымақтастықтың әлеуетті периметрін кеңейтуге мүмкіндік береді, өйткені Тау-Кен Самұрық геологиялық барлауға ғана емес, сонымен қатар құрылыс пен өндіріс кезеңдерін қоса алғанда, жобаларды одан әрі дамытуға да мамандандырылған»

Бахыт Чирчикбаев сондай-ақ геологиялық барлау жобалары басымдықта қалатынын атап өтті: «Біз серіктестермен қолданыстағы жобаларды одан әрі іске асыруды және болашағы бар учаскелерді іздеу үшін барлық қолжетімді тарихи және қазіргі заманғы геологиялық ақпаратты қатар зерделеуді жоспарлап отырмыз. Қазірдің өзінде біздің геологтар осы бағытта едәуір ілгеріледі».

MINEX Қазақстан форумының жеке сессиясында геологиялық барлау, өндіру, өңдеу және уран мен «жасыл» энергетикалық технологиялар үшін аса маңызды материалдарды жеткізу тізбектерін жасаудың халықаралық ынтымақтастық аспектілері талқыланды.

Форумда Ұлттық тау-кен компанияның Бизнесті дамыту жөніндегі бас директоры Нариман Абсаметов қазіргі уақытта «Тау-Кен Самұрық» жұмыс істеп жатқан негізгі минералдар туралы айтып берді.

Біріншіден, Жоғары Қайрақты вольфрамды ірі отандық кен орнының кенін байытудың экономикалық тиімді технологиясын құру жөніндегі жұмысы жалғасуда. Үймелі ерітінділеу тәсілін қолданудың перспективаларына зерттеу жүргізіле басталды, биыл ірілендірілген-зертханалық зерттеулер жүргізіледі, зерттеу оң нәтиже көрсеткен жағдайда келесі кезең пилоттық технологиялық сынақтар жүргізу болмақ.

Сонымен қатар Ұлттық тау-кен компания Қостанай облысындағы Ақбұлақ учаскесінде сирек кездесетін және сирекжер металдарын барлау мәселесін пысықтауда. Жақын арада американдық Cove Capital компаниясымен бірлесіп геологиялық барлауды бастау жоспарланып отыр, және ол туралы тиісті келісімге қол қойылды.