ПРОАКТИВТІ МОНИТОРИНГ ӨТТІ

«Тау-Кен Алтын» аффинаж зауыты Лондон бағалы металдар нарығына қатысушылар қауымдастығы – LBMA (The London Bullion Market Association) тарапынан проактивті мониторингтің (Proactive Monitoring) кезекті кезеңінен сәтті өтті.

«Тау-Кен Алтын» ЖШС орталық зауыт зертханасы LBMA ұсынған тазартылған алтын сынамаларына талдау жүргізді. Зерттеудің дәлдігі Лондон бағалы металдар нарығына қатысушылар қауымдастығының талаптарына сәйкес келетін сапаны растады, барлық нәтижелер рұқсат етілген айырмашылықтар шегінде болды.

LBMA қағадаларына сәйкес «Good Delivery» стандартының талаптарына сәйкес келетін ұйымдардың тізбесіне енгізілген барлық аффинаж кәсіпорындары үш жылда бір рет осы мониторингтен өтуі тиіс.

АНЫҚТАМА: «Тау-Кен Алтын» аффинаж зауыты «Taỳ-Ken Samuryq» UTK» АҚ-ның 100% еншілес ұйымы болып табылады. «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының индустриялық паркінің аумағында орналасқан. 2019 жылдың қыркүйек айында «Тау-Кен Алтын» ЖШС «сенімді өнім берушілер» тізіміне енгізілді. «Good Delivery» сертификаты-алтынның халықаралық стандарттарға сәйкестік кепілдігі, оның абсолютті заңдық тазалығы, сондай-ақ кәсіпорынның сенімділігі, қызметінің ашықтығы және мінсіз беделі болып табылады.