«Қарағанды облысы Оңтүстік Мойынты алаңы алтынын барлау» жобасындағы 100% дейінгі қатыс үлесін иеліктен шығару

Шолу-әкімшілік картасы

Қазақстан Республикасы Қарағанды облысы Оңтүстік Мойынты алаңы алтынын барлауға арналған жер қойнауын пайдалану келісімшартымен байланысты «Қарағанды облысы Оңтүстік Мойынты алаңы алтынын барлау» жобасындағы 100% дейінгі қатыс үлесін иеліктен шығару

«Тау-Кен Самұрық» АҚ «Қарағанды облысы Оңтүстік Мойынты алаңы алтынын барлау» жобасындағы100% дейінгі қатыс үлесін иеліктен шығару мүмкіндігі туралы хабарлайды.

Иеліктен шығару объектісі: «Қарағанды облысы Оңтүстік Мойынты алаңы алтынын барлау» жобасындағы100% дейінгі қатыс үлесі

Жер қойнауын пайдалану түрі: барлау

Пайдала қазбалардың түрі: алтын

Келісімшарт: 2015 жылғы 4 ақпандағы жер қойнауын пайдалануға арналған№4535-ТПИ келісімшарты (бұдан әрі – Келісімшарт)

Келісімшарттың мерзімі: 6 жыл

Келісімшарттың иесі: «Тау-Кен Самұрық» АҚ

«Тау-Кен Самұрық» АҚбойынша қысқаша ақпарат

«Тау-Кен Самұрық» АҚ Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінде 02.02.2009 жылы Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Д.Қонаев көшесі, 8-үй, «Б» блогы мекенжайы бойынша тіркелген.

«Тау-Кен Самұрық» АҚ «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ компаниялары тобына кіреді. «Тау-Кен Самұрық» АҚ акцияларының 100% «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ тиісті.

Жер қойнауын пайдалану объектісі бойынша қысқаша геологиялық ақпарат.

Әкімшілік орналасуы бойынша алаң Қызылорда облысында орналасқан. Оңтүстік Мойынты алаңы Мойынты т/ж станциясынан шығысқа қарай 30 км Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында орналасқан. Қара жол желісі Сары-Шаған ст. – Мойынты ст. және Балқаш ст. – Мойынты ст. т/ж тармақтарының жанында дамыған. Қамту т/ж көлігі арқылы алаңның шығыс шекарасынан бастап шығысқа қарай 18 км болатын Сарықұм ст. дейін жүзеге асырылады. Шығысқа қарай 18 км ЭУЖ – 150 кВ Мойынты-Сарықұм өтеді. Аумақ алаңы – 234 км2.

Учаске жоғарғы девон интрузивті протерзойдың қатталған метаморфиялық қатпарында, Тасарал-Кызыэспинск антиклинория осі бөлігінде орналасқан.

Жұмыс алаңында ертетаскөмір дайк гранит-порфирлі кварц–амфибол–плагиоклаз жынысы мен қуатты кварц желісі ашылып жатыр.

Алапта алтын жұмыстары 1963 жылы басталып, 90-жылдардың басына дейін мезгіл-мезгіл жүргізіліп отырды.

Аудан аумағында геологиялық-геофизикалық жұмыстар жүргізілді: 1:25000–1:10000 масштабы, 1:10000 м-тың металлометриялық түсірілімі, іздестіру маршруты, тау жұмыстары (жыралар), ВП әдісімен электробарлау, магнитті барлау, гравиметриялық түсірілім мұқият картаға түсірілді.

Минералдану аудандары, учаскелер, минералдану нүктелері бойынша оқшауланған алтынның қайталама және бастапқы ореолданып, алтындағы кварц желісіне ұштасқан алтын кендену анықталды. Қайталама ореолдағы шашыранды алтында серік-элементтері: күшәла, висмут, қорғасын, мырыш, мыс, күміс ұшырасады.

Маршрутта ұшырасқан барлық кварц желілері мен гидротермиялық өзгерістер, дәлдікті аспаптармен сыналды, олардың неғұрлым қызықтыратындары №3, №4 және Қызылқабырға сияқты учаскелер жыралары жазығында байқалады. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде сипатталған әрбір учаскенің геологиялық құрылымы нақтыланды және осы учаскелерде анықталған барлық алтын құрамды кварц-желі аймағын бағалауға қол жеткізілді.

Желілердің аймағы түрленіп отырады және ол 850 м дейін, қуаты 10 м дейін құрайды. Желілерден көзге көрінетін алтын: мөлшері 0,5мм қабықшалы дендрит белгілер анықталды. Рудалы кварц желілердегі алтынның орташа құрамы 2,5 г/т құрайды. Жақтаулық құрамы 2,0г/т. Бір сынақтағы алтынның максималды құрамы 9,7г/т құрайды.

Аймақтың минералданған учаске аймағы 40м арқылы өтетін жыралармен ашылған, кейбір жерлерде жыра желісі 10 м дейін жетеді.

Келісімшарттық аумақтың геологиялық картасы

91c62b84d2c2ca255d6c863aa6e5380b.jpg

Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде сипатталған учаскенің геологиялық құрылымы нақтыланды және осы учаскелерде анықталған барлық алтын құрамды кварц-желі аймағын бағалауға мына учаскелер бойынша қол жеткізілді:

№3 учаске

653d976b9a7d2416a270adfdf5844b31.jpg

№ 3 учаске Балқаш кешенінің жарып өтетін граниті, дайкты солтүстік-шығыс қ созылу шегінде орын тепкен. Учаске контурында жоғарғы девонның лейкократ гранитінде метасоматикалық кварцтенудің үш аймағы анықталған. №1, №2 учаскелер мол алтын құрамымен ерекшеленеді, одан әрі зерттеу ұсынылады. Алтын құрамы 0,01 – 0,6г/т аралығында өзгеріп отырады.

Аймақтық минералдан учаскелері аймағы 40м арқылы өтетін жыралармен ашылған, неғұрлым перспективалы аймақтар желісі 10 м дейін жетеді.

Атыздап сынау деректері бойынша №1 аймақтағы алтынның қатардағы құрамы 0,01 – 0,6г/т аралығында өзгеріп отырады. Осы тұрғыдан алғанда №21 жырадағы құрам 1,5г/т дейін жетеді.

№3 учаскедегі жұмыстар №6а алтынға минералдану нүктесін бағалау мақсатында жүзеге асырылды. Б.С.Зеликтің және В.А.Ефименконың деректері бойынша сегізі нүктеден алынған 15 нақты сынама нәтижелі болып шықты, алтын құрамы 3,0г/т дейін жетеді.

Қоңырсор париясы жұмыстары нәтижесінде учаскеден жоғарғы девонды ірі – орташа кристалды лейкократ граниттерде оқшауланған екі кварцтену аймағы анықталды.

№4 учаске

e3ab1086552d0601772db618f0e8980e.jpg

№4 учаскеде 1969–70жж алтын іздеу кезінде анықталған 6к алтынның минералдану нүктесі орналасқан. Осы жұмыстарды жүргізу нәтижесінде іріктелген он сынаманың бесеуінде алтын құрамы 1,0г/т байқалды. Объектілерді одан әрі зерттеу үшін ұсыныс жасалды.

1972 жылы қоңырсор партиясы жұмыстары кезінде осы объектіде салыстырмалы үш қуатты және ауқымды ендікте солтүстік-шығысқа созылған тектоникалық бұзылуға ұштасқан кварцтенудің жайлау аймағы анықталды және зерттелді.

№ 1 аймақтың жайылуы – 850 м. Аймақтың оңтүстік шетінде оның орталық бөлігінде қуатты кварц-желі дене кездеседі. Желінің оңтүстік бөлігінің ұзындығы шамамен 120м құрайды. Жыралар бойынша оның қуаты 1,2 – 3,7м аралығында құбылады, кварцтегі және желі төңірегі жынысындағы алтын құрамы шамамен 0,4г/т дейін жетеді.

Солтүстік бөлігінде алтын дене ұшырасады, ондағы алтын құрамы 1,1 – 2,8 г/т аралығында өзгереді. Оның ұзындығы шамамен 60м.

2аймақ, шығысқа қарай 175м кең ауқымда созылған ығысу жарылымында №1 аймақтың жалғасы іспетті. Жекелеген сынақтар бойынша 1,7-7,1 г/т жоғарғы құрам анықталды. Олар барынша кварцталған, темірленген және пиритизирленген граниттерге ұштасқан.

Өзінің ішкі құрылымы бойынша №3 аймақ жоғарыда сипатталған №№1–2 аймақтарға ұқсайды. Жоғарғы концентратты алтынның минералдануы аймақтың барлық ұзына бойында анықталды. Жыраларды атыздап сынау деректері бойынша, кварцтағы алтын құрамы 2,4г/т, қуаты 1,30м құрайды. Аймақтың алтын құрамды бөлігінің созылуы шамамен 200м.

№1 және №2 руда аймақтардың анықталған байытылған учаскелерін, бұрынғы жұмыстардың авторлары одан әрі зерттеу үшін ұсыныс етті.

Қызылқабырға учаскесі

bb8c25dd15c33517d0a40116c714cdd3.jpgҚызылғабырға учаскесінде сегіс кварц аймағы айқындалды. Кварц желілердің алтындануын В.А. Ефименко (Зейлик, 1971ж.) анықтап, содан кейін оны Балқаш КГГЭ Қоңырсор париясы зерттеген болатын (Сушков, 1973ж.).

Осы жұмыстардың нәтижесінде кварцталған желі аймағында ұзындығы 200м салыстырмалы 2 байытылған учаске айқындалды. Ондағы орташа алтын құрамы 2,4г/т, қуаты 1,30м құрады, алтынның максималды құрамы (бір сынамада) 9,7г/т құрады.

Геологиялық толық зерттеу кезінде учаскені тексеру барысында №№4-8 кең ауқымға парапар бірнеше кварц желісі аймағы айқындалды. Желінің созылуы 650м дейін, қуаты 8м дейін құрады.

Желілерде көзге көрінетін алтын анықталды: қабықшалы дендрит белгі мөлшері 0,5мм дейін барады. Осы аймақтардың жекелеген қиылысында орташа құрамы 6,2 г/т, қуаты 4,80м (жыра №96) және 1,2г/т, қуаты 2,70м құрайды (жыра №97).

Келтіріліп отырған бағалау, барынша толық сынақ жүргізілетін болса, Қызықабырға учаскесінен кварц желісінің байытылған бөліктерін анықтаудың мүмкіндігі бар екенін көрсетті.

2015 жылдан бастап Қарағанды облысы Оңтүстік Мойынты алаңы алтынын барлау жобасы бойынша жұмыстар басталды.

Қызылқабырға учаскесінде 65 қ.км. көлемінде іздеу-түсіру маршруттары жүргізілді. Құрастырмалы штруфті сынамалау бойынша алтынның құрамы спектрозолотометриялық талдау бойынша 0,74г/т дейін құрады.

201,32км2 алаңда екінші ореолдардың шашылуы бойынша геохимиялық іздеу жүргізілді. Екінші ореолдардың шашылуын сынау тығыздығы 1км2 алаңға 200 сынаманы құрады, кескіндер арасындағы айырмашылық 200м, іріктеу нүктелері арасындағы арақашықтық 25м. Жұмыс нәтижесі бойынша екі желілік учаскелердегі алтын рудалы минералдардың бар екендігі расталды (Кызылқабырға учаскесі, №4 учаске).

Оңтүстік Мойынты алаңын түбегейлі зерттеу, жер бетіндегі анықталған руда денелерін кескіндеу, руда денелерінің морфологиясын, минералдардың таралуын анықтау үшін тау жұмыстары жүргізілді – арықтың түбін қолмен тазалау үшін механикаланған тәсілмен арық қазылды.

Тау жұмыстары Қызылқабырға учаскесінің 7, 8 аймақтарында жүргізілді. Кен орнында барлығы 19 жаңа арық жүргізілді. Сонымен қатар тарихи арықтармен оларды сынамалау жүргізілді.

26 арық бойынша тау жұмыстарының жалпы көлемі 550,0 м3 құрады.

Арықтар бойынша алтынның құрамы 0,12-5,54г/т, жекелеме сынамалар – 16,22 және 46,84г/т құрады.

Қызылқабырға учаскесіндегі 6.7 және 8 аймақтарда жалпы көлемі 481,7 қ.м болатын үш іздестіру ұңғымалары бұрғыланды.

Бір ұңғымада алтынның құрамы 2,57г/т болатын қуаты 0,9м кварцті желі кескінделген.

Күтілетін нәтижелер

Геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесі бойынша орташа құрамы 2,5г/т болған кезде, алтын қоры 3-5 тонна болатын кемінде 3 объектіні анықтау күтілуде.

Жер қойнауын пайдалануға арналған Келісімшарт бойынша ағымдағы жағдай

Келісімшарт басталғаннан бері объектіде геологиялық барлау жұмыстарының мынадай кешендері жүргізілді:

−бөлу және металлометриялық түсірілімді тегістеу – 201,32 кв.км.;

−іздеу-түсіру маршруты – 65 қ.км.;

−тау-кен жұмыстары (арықтардың өтуі) – 550 куб.м.;

−ұңғыманы бұрғылау – 481,7 қ.м.;

−жиналу-штуфтік сынамаларды іріктеу – 32 сынама;

−сызатты сынамаларды іріктеу – 113 сынама;

−керн сынамаларын іріктеу – 117 сынама;

−керн сынамаларын кесу– 117 сынама;

−нүктелі-сызықтық сынамаларды іріктеу – 304 сынама;

−геохимиялық сынамаларды іріктеу – 40 264 сынама;

−ұңғыманы геофизикалық зерттеу – 481,7 қ.м.;

−тау-кен жұмыстарын геологиялық сүйемелдеу – 550 куб.м.;

−бұрғылау жұмыстарын геологиялық сүйемелдеу – 481,7 қ.м.;

−геохимиялық сынамаларды қажау – 40 264 сынама;

−сынамаларды спектрозолотометриялық талдау – 35 305 сынама;

−12 элементке арналған спектралды талдау – 38 029 сынама.

Сату процесі

Жер қойнауын пайдалануға арналған Келісімшарт сату Қазақстан Республикасының заңнамасына және «Тау-Кен Самұрық» АҚ ішкі қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Сату процессі 2 кезеңнен тұрады:

1. Бастапқы кезең:

1.Сатып алудың болжамды көлемі міндетті түрде көрсетілген және әлеуетті сатып алушы туралы ақпарат қоса ұсынылған мүдделік туралы хат.

2.Сұрау бойынша құпия емес ақпаратты әлеуетті сатып алушыға ұсыну.

3.Құпия ақпаратты алу үшін одан әрі қызығушылық болған жағдайда құпиялылық туралы келісімге қол қою.

4.Қажет болған жағдайда «Тау-Кен Самұрық» АҚ Келісімшартпен байланысты құпия ақпаратты ұсынуға рұқсат беруге қатысты Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану жөніндегі құзыретті мемлекеттік органына сұрау салады.

2Іріктеудің қорытынды кезеңі

1.Мүдделік танытқан тараптарға тарату және коммерциялық ұсынысты ұсынуға арналған сұрау салуды көпшілікке жариялау. Сұрау салуда мәміле бойынша ең төменгі талаптар мен коммерциялық ұсынысты ұсынудың соңғы мерзімі көрсетіледі.

2.«Тау-Кен Самұрық» АҚ уәкілетті органдарымен коммерциялық ұсыныстарды қарау.

3.Аталған мәміле бойынша іріктелген тараппен транзакциялық құжаттарға қол қою.

Қазақстан Республикасының негізгі заңнамалық құқықтық актілеріне сілтеме: https://tks.kz/page/zakonodatelstvo (www.tks.kz/Инвесторларға/Заңнама)

«Тау-Кен Самұрық» АҚ почталық мекенжайы:

Астана, 010000, Қазақстан Республикасы

Есіл ауданы, Д.Қонаев көшесі, 8, «Б» блогы,

«Зүбәржат орамы» әкімшілік ғимараты, Б-блогы, 13-қабат

Канцелярия

Тел.: +7 (7172) 55-95-72

Факс: +7 (7172) 55-27-80

e-mail: info@tks.kz

Сұрақ туындаған жағдайдағы байланыс телефоны:

Калиев Арман

Корпоративтік қаржы департаментінің директоры

+7 (7172) 55-95-10

a.kaliev@tks.kz

Абдикеримов Алтай

Корпоративтік қаржы департаментінің бас менеджері

+ 7 (7172) 55-95-20

a.abdikerimov@tks.kz