​Қазақстан Республикасы Алматы облысы Тау етегіндегі Кетмень кен орнындағы алтыны барлау

Қазақстан Республикасы Алматы облысы Тау етегіндегі Кетмень кен орнындағы алтыны барлау жер қойнауын пайдалану келісімшартымен байланысты «Тау Кетмень» ЖШС жарғылық капиталындағы 100% дейінгі қатыс үлесін иеліктен шығарудыңіріктеу-қорытындылау кезеңі

«Тау-Кен Самұрық» АҚ «Тау Кетмень» ЖШС жарғылық капиталындағы 100% дейінгі қатыс үлесін иеліктен шығарудыңіріктеу-қорытындылау кезеңі туралы хабарлайды.

Иеліктен шығару объектісі: «Тау Кетмень» ЖШС жарғылық капиталындағы 100% дейінгі қатыс үлесі.

Жер қойнауын пайдалану түрі: барлау

Пайдала қазбалардың түрі: шашыранды алтын

Қазақстан Республикасын Алматы облысындағы Тау етегіндегі Кетмень учаскесіндегі алтынды барлауға арналған 2012 жылғы 31 шілдедегі №4134-ТПИ келісімшарт (бұдан әрі – Келісімшарт).

Келісімшарттың мерзімі: 4 жыл

Келісімшарттың иесі: «Тау Кетмень» ЖШС

«Тау Кетмень» ЖШС бойынша қысқаша ақпарат

«Тау Кетмень» ЖШС Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Д.Қонаев көшесі, 8-үй, «Зүбәржат орамы» әкімшілік ғимаратының «Б» блогы, 13-қабат мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 29.12.2012 жылы тіркелген.

«Тау Кетмень» ЖШС «Тау-Кен Самұрық» АҚ 100% еншілес ұйымы болып табылады.

«Тау Кетмень» ЖШС

бухгалтерлік балансы

мың. теңге.

Баланс

31.03.2016

31.12.2015

I. Қысқа мерзімді активтер

Ақша қаражаттары және олардың баламасы

12 578

31 319

Қысқа мерзімді сауда және өзге де дебиторлық қарыздар

Өзге де қысқа мерзімді активтер

145

195

Қысқа мерзімді активтердің жиыны

12 723

31 514

II. Ұзақ мерзімді активтер

Барлау және бағалау активтері

299 000

256 201

Өзге де ұзақ мерзімді активтер

8 700

8 700

Ұзақ мерзімді активтердің жиыны

307 700

264 900

Активтер жиыны

320 423

296 414

III. Қысқа мерзімді міндеттемелер

Қысқа мерзімді сауда және өзге де дебиторлық қарыздар

4 085

Қысқа мерзімді резервтер

4 402

4 402

Қызметкерлерге берілетін сыйақы

38

38

Қысқа мерзімді міндеттемелердің жиыны

8 525

4 439

IV. Ұзақ мерзімді міндеттемелер

V. Меншікті капитал

Жарғылық (акционерлік) капитал

343 087

318 832

Бөлінбеген пайда (өтелмеген залал)

(31 188)

(26 857)

Капитал жиыны

311 899

291 975

Міндеттемелер мен Капитал жиыны

320 423

296 414

* – Аудиттелмеген қаржылық есептілік

Жер қойнауын пайдалану объектісі бойынша қысқаша геологиялық ақпарат.

Жұмыс ауданы Кетмень үстіртінің оңтүстік бөктерінде орналасқан. Әкімшілік тұрғыда ол Алматы облысының Ұйғыр және Райымбет аудандарын қамтиды.

Алап жұмысының шығысына қарай 30 км жерден Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік шекарасы өтеді. Райымбек ауданының орталығы – Кеген кенті жұмыс учаскесінің оңтүстік батысына қарай 110 км қашықтықта орналасқан.

Шолу-әкімшілік картасы

Зерттеу объектісі – шашыранды алтын – құмайт топырақты – қиыршық тасты толтырғышпен ірітүйірлі қиыршықтасты-малтатастытүзілімдерде ұсынылған неогенді және төрттік кезеңде айқын көрінетін кайнозой кезеңінің түзілімдерінде шоғырланған.

Тау етігіндегі Кетмень учаскесіндегі шашыранды алтынның байырғы дереккөздері Кетмень геологиялық-минерагендік кіші аймағының Шығыс Кетмень кенді аудандарының Оңтүстік-Кетменьді торабымен байланысты.

Кенді торап тас көмірлі кезеңдегі жанартаулы құрылыстарға ұштастырылған. Кенді тораптың орталық бөлігі алтын минералдарымен жүретін кварцті және пиритті аймақтардың түзілуімен қарқынды метасоматозға ұшыраған, флюидальды салмақты лавалардан және женттас түріндегі трахидацитті құрамнан түзілген Аршалының экструзивті күмбездеріне ұштасып жатыр. Кварцті аймақта саф алтын кездеседі және ол жоғарғы дисперсиялы және коллоидті алтындардан тұратын, пиритті аймақтың жоғарғы жағында гипсометриялы түрде орналасқан.

Гидротермальды-метасоматикалық бағанның жоғарғы бөлігінде орналасқан және 1,0-74,0 г/т кезіндегі бос саф алтынды көптеген алтын-сульфидті кварцті желілі объектілер эрозиямен жойылған, ал бос алтындар аралас топыраққа айналған. Оңтүстік Кетмень кенді торабының қазіргі заманғы эрозиялық кескінінде 0,1-0,3 г/т. алтын құрамы пиритті аймақтармен ұсынылған.

Келісімшарттық аумақ бойлық кескін түбіндегі жатықталумен және әртүрлі жастағы террасалардың дамуымен сипатталатын Кетмень (ұзындығы шамамен 4,5 км) және Шалқұдысу(4,0 км бойында), өзені аңғарының қолайлы шегінде орналасқан.

Аталған аймақтардың алтындылығы мына типтегі шашыранды кендермен байланысты:

-террасалық Кетмень өзенінің І және ІІ сол жақ жағалаулы жайылма үстіндегі террасаларда;

-террасалық Кетмень өзенінің ІІІ оң және сол жақ жағалаулы жайылма үстіндегі террасаларда;

-Шалқұдысу өзені аңғарындағы үлкен көлемдегі МТТ.

Кен орындарының запасы

Келісімшарттық аумақ шекарасындағы шашыранды алтынның жалпы болжамды ресурсы 7 089,83 кг мөлшерінде бағаланған, оның ішінде: Кетмень өзені алабы бойынша P1 – 2 559,38 кг және Шалқұдысу өзені алабы бойынша Р2 – 4 530,45 кг.

Қазіргі сәтте зертханалық зерттеу және камералдық нәтижелерді өңдеу жүргізілуде, оның нәтижелері бойынша С2 категориясының запасын есептеу жүзеге асатын болады. Геологиялық жер телімі (Кетмень және Шалқұдысу өзендері алабы) шегіндегі талдаудың алынған нәтижелері негізінде күтілетін болжамды запас шамамен 1 тонна, орташа құрамы 200-300 мг/м3.

Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша ағымдағы ахуал

Келісімшартты қолдану басталғалы объектіде геологиялық барлау жұмыстарының мынадай кешені жүргізілді:

-топография-геодезиялық жұмыстар жүргізу;

-тау-кен қазындысының және бұрғылау ұңғымаларының өтімі және сынамалау – 3 010 қ.м.;

-ұңғыманың және шурффтардың сынамасын іріктеу – 6 020 сынама;

-«гравитациялық» алтын құрамын сандық бағалау – 252 сынама;

-гидрометаллургиялық әдістерді пайдалана отырып, майда және жұқа алтын құрамын сандық бағалау – 3 560 сынама;

-алынған нәтижелерге талдау жасалды және Кетмень өзені алабындағы алтын құрамына 1:5000 масштаб бойынша алдын ала карта жасалды;

-ірі көлемдегі КТ-1 сынамасына технологиялық зерттеу жүргізілуде.

Келісімшарттың міндеттемелер мен геологиялық барлау жұмыстары бойынша төлем жоспары

Шығындар

05/2016

06/2016

07/2016

08/2016

09/2016

ГБЖ іске асыру, мың теңге

3 768

4 047

5 101

8 000

5 500

Келісімшарт бойынша ФК, мың теңге

100

800

1 550*

Налоги и ОАР

570

604

840

1 078

781

* – Келісімшарттың қолдану мерзімін 31.12.2016 ж. дейін ұзартқан жағдайда шығындар

«Тау Кетмень» ЖШС жарғылық капиталына 100% қатысу үлесін иеліктер шығару құны

«Тау Кетмень» ЖШС жарғылық капиталына 100% қатысу үлесін іске асырудың ең төменгі құны: 429 441 315 (төрт жүз жиырма тоғыз миллион төрт жүз қырық бір мың үш жүз он бес) теңге құрайды.

Сату процесі

«Тау Кетмень» ЖШС жарғылық капиталына қатысу үлесін сату Қазақстан Республикасының заңнамасына және «Тау-Кен Самұрық» АҚ ішкі қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Коммерциялық ұсыныстарды берудің соңғы мерзімі – 2016 жылғы 20 маусым.

Тиісті құжаттар қоса тіркеле отырып, коммерциялық ұсыныстар тиісті хабарландыруда көрсетілген почталық мекенжайға жіберілуге тиісті.

Әлеуетті сатып алушылар ұсынатын тиісті құжаттардың тізімі:

1.Өтініш, онда мынаны көрсету:

-Ұсынылған үлес және сатып алу шарттары (бағасы, төлем шарттары мен мерзімі);

-Әлеуетті сатып алушының қызметін сипаттау;

2.Өткен 3 жылдағы аудиттелген қаржы есептілігі, сондай-ақ егжей-тегжейлі түсіндірме жазбасы бар өтініш берген күннің алдындағы соңғы қаржы есептілігі;

3.Соңғы 5 жылдағы кредит тарихы;

4.Қатысушылар/акционерлер құрамының соңғы 6 айдағы ауысуы туралы ақпарат;

5.Заңды тұлғалардың құрылтай және құқық белгілейтін құжаттардың нотариалды расталған көшірмелері (әділет органдарында тіркелген Құрылтай шарт, барлық өзгерістерімен және толықтыруларымен Жарғы, мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (анықтама), заңды тұлғаның және заңды тұлға иесінің акциялары (қатысу үлестері);

6.Бірінші басшыны тағайындау туралы заңды тұлғаның уәкілетті органының, иесінің шешімдерінің көшірмесі, бірінші басшының лауазымға кірісуі туралы (ұйымның мөрімен куәландырылған) бұйрық;

7.Заңды тұлға, иесі атынан «Тау-Кен Самұрық» АҚ жасалған құжаттарға және шарттарға қол қою құқығына өкілдігін растайтын құжаттардың түпнұсқалары және нотариалды расталған көшірмелері (сенімхат, бірінші басшы, бас бухгалтер қолдарының үлгілері бар құжат және мөрдің бедері);

8.Егер ол жеке тұлға болып табылса, заңды тұлға иесінің, заңды тұлғаның бірінші басшысының немесе заңды тұлға иесін білдіретін тұлғаның жеке куәлігінің нотариалды расталған көшірмелері (егер тұлға Қазақстан Республикасы резиденті болып табылмаса, төлқұжат);

9.Заңды тұлғаның құжаттары ұсынылған күні жауапкер немесе талапкер ретінде сөйлеген сот талқылауы (оның ішінде салық) деректері, істің қысқаша сипаттамасын көрсету, тарап арыз сомасы және заңды тұлға үшін оң шешілуі ықтималдығы немесе сот талқылауы болмағаны туралы растау хат;

Резиденттік туралы, заңды тұлғаның ауыртпалығы барлығы/жоқтығы туралы (түпнұсқа) мәліметтер көрсетілген заңды тұлғаға 5 және одан да көп акцияларын/қатысу үлестерін ұстаушылар туралы бағалы қағаздар ұстаушылар тізілімі жүйесінен (егер заңды тұлғаға қатысушылар тізілімін жүргізуді тіркеуші жүзеге асырған жағдайда) көшірме;

10.Кредиттік және лизингтік келісімдердің, кепіл шарттардың, кепілдердің және кепілгерліктің және басқа да қаржылық келісімдердің нотариалды расталған көшірмелері. Банктік шоттардың бары туралы қызмет көрсетуші банктер анықтамаларының түпнұсқасы;

11.Мерзімі кешіктірілген кредиттік берешектердің барлығы туралы ақпараттар, былайша бөлу: 3 айдан аспайтын; 3-6 ай, 6 айдан 1 жылға дейін, 1 жылдан асатын;

Резидент еместер қосымша мынадай құжаттар ұсынады:

1.Орыс тіліне аударылып нотариалды куәландырылған құрылтай құжаттардың заңдастырылған көшірмелері (жарғы, құрылтай шарт);

2.Орыс тіліне аударылып нотариалды куәландырылған, заңды тұлғаны тіркеу туралы сауда тізілімінің заңдастырылған немесе өзге де заңдастырылған құжаттың көшірмесі (үзіндісі);

3.Орыс тіліне аударылып нотариалды куәландырылған құжаттардың, салық және статистикалық есептің (болған жағдайда) заңдастырылған көшірмелері;

4.Орыс тіліне аударылып нотариалды куәландырылған, басқару органы сайланғанын, заңды тұлға органының құзыретін және қызмет тәртібін растайтын құжаттар (басқару органдары мүшелерін тағайындау туралы шешімдер/бұйрықтар).

«Тау-Кен Самұрық» АҚ почталық мекенжайы:

Астана, 010000, Қазақстан Республикасы

Есіл ауданы, Д.Қонаев көш. 8, «Зүбәржат орамы» әкімшілік ғимараты,

«Б» блок, 13-қабат

Кеңсе

Тел.: +7 (7172) 55-95-72

Факс: +7 (7172) 55-27-80

e-mail: info@tks.kz

Мәселе туындаған жағдайда байланысқа шығу:

Калиев Арман

Корпоративтік қаржы департаментінің директоры

+7 (7172) 55-95-10

a.kaliyev@tks.kz

Рамазанов Серик

Корпоративтік қаржы департаментінің бас менеджері

+ 7 (7172) 55-93-51

s.ramazanov@tks.kz