ҚҰРЫЛТАЙ ҚҰЖАТТАРҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Үкіметаралық келісімді іске асыруға сындарды үлесті іс жүзінде жүзеге асыру және енгізу мақсатында, 2012 жылғы 12 маусымда «Тау–Кен Самұрық» АҚ пен Ablai Resources Gmbh (Германия) арасында «Бірлескен кәсіпорын» ЖШС құрылтай құжаттарына қол қойылды. Тараптар бірлескен кәсіпорын қызметі бойынша, шикізат жобаларын экономикалық және қаржы-техникалық басқару саласындағы өзіндік тәжірибені, сондай-ақ неміс тарапының тәжірибесін қолдануға келісті.