«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» АҚ КОМПАНИЯЛАР ТОБЫНЫҢ V МЕРЕКЕЛІК СПАРТАКИАДАСЫ

2017 жылғы 10 қыркүйекте

70efcc41725e5a6f7dd0ec93c67716c9.JPG

«Бір қоманда – бір мақсат» ұранымен өткен, «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының V Мерекелік спартакиадасы аяғына жетті. Спартакиаданың бағдарламасы ауқымдылығымен есте қалды, биылғы жылы іріктеу ойындары Қазақстан Республикасының барлық аумағында өткізілді. Соынмен бірге, спорттық сайыстардың стритбол және киберспорт сияқты түрлерімен ауқымы кеңейе түскендігін атап өту орынды. үшін спорт, командалық жұмысты дамытуға мүмкіндік беретін, салматты өмір салтының ажырамас бөлігі болып табылады. Басқарма төрағасы аппаратының басшысы Мұқажан Торғаевтың айтқанындай, спартакиада бұл еңбек ұжымдарының бірігуі, тәжірибемен алмасу мүмкіндігі, жаңа таныстар табу және жағымды көңіл күйге бөлену болып табылады. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ командасы спорттың барлық түрлері бойынша жастарға қатысты және киберспорттан (Counter-Strike) бірінші орынға ие болды. Биылғы жылғы басты жүлде Roma-Chelsea Чемпиондар Лигасының іріктеу мачтарына барып қатысу екенін атап өту қажет.

7b3804fb5870e1db30db73bd85c717fd.JPG

«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының Еңбек әулеті күні мерекеленді.

Астана қ., 2017 жылғы 17 мамыр

«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының Еңбек әулеті күні мерекеленді. «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев «Қордың еңбек әулеті» медалін және құрмет грамоталарын еңбек уәлетінің өкілдері Бабашевтерге, Сайрамбаевтарға, Трубаға, Клоповтарға, Пшенициндерге, Елтаевтарға, Мацюкке, Жаманкозовтарға, Какимановтарға, Мұсағалиевтерге табыстады.

e3acdcb2b2f9fa63e04fac42de570140.JPG

«Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ өкілдері – Бабашевтер отбасы «ШалқияЦинк LTD» АҚ жұмыс істейді. Әулет басшысы Ілияс Бабашевтің еңбек қызметі 1927 жылы басталды. Шщысай кентінің шахтер-металлугі бол жүріп ол өзінің болашақ жары Фатима Байболовты жолықтырып, бірленсіп сегіз баланы тәрбелеп өсірді. Інісі – Бабашов Базарбай Ілиясұлы 1953 жылы туған, Шалқияның ең алғашқы қызметкері болып табылады. Ол осында 31 жыл жұмыс істеп, 2016 жылы құрмет демалысына шықты. Әулет басшысын есепке алмағанда, отбасының 18 мүшесі «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» кеніштерінде жұмыс істеді және жұмыс істеп жатыр, олардың жалпы жұмыс өтілі 373 жыл 7 айды құрайды.

ff31bb270f5a34c65453f526ce0472b1.JPG

«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының Еңбек әулеті күні 2013 жылдан бері мерекеленеді және БҰҰ Бас Ассамблеясы 1993 жылы белгілеген, Халықаралық отбасы күніне (International Day of Families) орайластырылған. Мереке ұрпақтар сабақтастығын қоғамдық ынталандырудың және әлеуметтік тұрақтылықтың тиімді тетігі ретінде еңбек әулеті институтын кеңінен дәріптеуге мүмкіндік береді.